Онлайн газет



Медиация: оның бүгінгі таңдағы маңызы

А. Назарқұлов,
аудандық соттың судьясы.

2011 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті «Медиация туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне медиация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына қол қойды. Бұл заң Қазақстан Республикасында медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ медиаторлардың мәртебесін айқындайды. «Медиация» сөзі латын тілінен аударғанда «делдал, екі тарапты мәмілеге келтіруші үшінші тұлға» деген мағынаны білдіреді.
Медиация тәсілі сот жүйесіндегі тазалықты, әділ төрелікті қамтамасыз етудің бірден - бір жолы болмақ, яғни, тарапты қанағаттандыру негізінде жүргізілген келіссөз рәсімі. Медиация деген сөздің мағынасын екі жақты татуластыру рәсімі деп түсіндіруге болады.
«Медиация туралы» заң жобасы Мемлекет басшысының 2009 жылдың 18 қарашасында Қазақстан Республикасы судьялары мен соттарының V съезінде берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына және Үкіметіміздің заң жобалау жұмыстарының 2010 жылға арналған жоспарына сәйкес әзірленді.
Аталған заңдар медиацияны азаматтық-құқықтық қатынастардан, оның ішінде, кәсіпкерлік және өзге де экономикалық қызметті жүзеге асыруға байланысты туындайтын құқық туралы дауларды, еңбек және отбасы құқықтық қатынастардан, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өзге де жеке құқықтық қатынастарынан, сондай-ақ жеңіл және ауырлығы орташа қылмыстар туралы іс бойынша қылмыстық-құқықтық қатынастар саласында туындайтын дауларды реттеу кезінде қолдануға бағытталған.
Медиацияның қолданылу саласы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, жеке және заңды түлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар /дау-шаралар/ медиацияның қолданылу саласы болып табылады.
Егер медиация рәсіміне қатыспайтын үшінші тұлғалардың және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың мүдделерін қозғаған немесе қозғауы мүмкін болған жағдайда, тараптардың бірі мемлекеттік орган болып табылатын кезде, жеке және заңды түлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құкық катынастарынан туындайтын дауларға, сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы қылмыстык істер бойынша медиация рәсімі қолданылмайды.  
Медиацияны жүргізу кезінде медиация тараптары қол жеткізген дауды реттеу туралы келісім жазбаша нысанда жасалады және оған тараптар қол қояды.
Қылмыстық процесс барысында медиацияны жүргізу кезінде тараптар қол жеткізген дау - шарды реттеу туралы келісім жәбірленушіге келтірілген залалдың орнын толтыру және қылмыс жасаған адамның жәбірленушімен татуласуы жолымен дау - шарды реттеу туралы келісімді білдіреді. Аталған келісім дереу іс жүргізуіндегі қылмыстық іс жатқан қылмыстық процесті жүргізетін органға жіберіледі және Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіндегі көзделген жағдайларда қылмыстық кудалауды болдырмайтын не оны жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән- жай болып табылады және дау-шарды реттеу туралы келісім оған тараптар қол қойған күні күшіне енеді.
Сонымен «Медиация - үшінші бейтарап көзқарасты ұстанатын тараптың - медиатордың қатысуымен дау-жанжалды шешудің баламалы әрекеттерінің бірі, ол тараптарды өзара бітімге келуге көмектеседі. Еріктілік, құпиялылық, тараптардың тең құқылығы, медиатордың бейтараптығы, процедураға араласуға жол бермеушілік принциптерімен негізделеді».
Қысқаша айтқанда, медиация кімдікі дүрыс, кімдікі бүрыс екенін анықтауға емес, өзара тиімді шешімді табуға бағытталған. Яғни, жанжалдасушы тараптар сотқа дейін де, сот барысында да кәсіби бітімгерге жүгінеді. Ол дауды тыңдаған соң, тиімді шешімді ұсынады.
Медиатор - бұл бітімгер. Бұл - қазақ халқының ұлттық болмысына ең жақын ұғым. Түрмесі болмаған, іргесі берік қазақ қоғамында небір даулы мәселелерді екі ауыз сөзбен шешкен дуалы ауыз билер болғанын тарихтан жақсы білеміз. Ендеше, сот жүйесіне бітімгерлік тәсілін енгізу қазақ халқының бүкіл әлемге үлгі етерлік шешендігі мен көсемдігін жаңғыртуға жасалған игі қадам деп түсінемін.
Көріп отырғанымыздай, медиация институты бабалар билігінен бастау алған қазақ елі үшін жат емес. Билер соты секілді медиацияның да басты мақсаты-тараптарды табыстырып, бітімгершілік пен түсіністікке қол жеткізу болып табылады.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін856
mod_vvisit_counterКеше1971
mod_vvisit_counterОсы аптада11115
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда27745
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2279414

Серіктестер