Онлайн газет



Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

Е. Избасаров,
ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Байзақ аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік ветеринариялық санитариялық инспекторы, бас маман.

1.Мелекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе орталыққа немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні импортқа, экспортқа- орны ауыстырылатын(тасымалданатын) объектіні транзиттік тасуға- 30(отыз) жұмыс күніне дейін және тірі жануарлардың карантиннен өтуіне  - күнтізбелік 60(алпыс) күнге дейін басқа мемлекеттердің қызметтерімен транзиттік келісуді талап ететін рұқсаттарды қоспағанда 10(он) жұмыс күнінен аспайды;
-орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің транзитіне -5(бес) жұмыс күні; 
2)қажетті құжаттарды тапсырған кезде (электрондық) кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 15-(он бес) минуттан аспайды;
3)мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алған кезде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15(он бес) минуттан аспайды;
2.Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны- электрондық (ішінара автоматтандырылған)және (немесе) қағаз түрінде.
3.Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына, транзитіне рұқсат (бұдан әрі – рұқсат).
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта рәсімделеді, басып шығарылады, мөрмен куәләндырылады және көрсетілген және көрсетілетін қызметті беруші басшының қолы қойылады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦК) куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақысыз көрсетіледі.
5. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің қеңсесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады;
2) орталық – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, орталықтың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі – сенбі аралығында үзіліссіз 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады, портал арқылы кезекті брондауға болады;
3) портал – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
6. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1)орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына рұқсат алуға:
-көрсетілген қызметті берушіге немесе орталыққа:  
-осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес мәліметтерді көрсете отырып, экспорт кезінде – орны ауыстырылатын (тасымалданатын ) объектінің шыққан (орналасу) орны бойынша, импорт кезінде – әкелу орны бойынша, импорт кезінде – әкелу орны бойынша еркін нысандағы өтініш;
-экспорттаушы елдің ресми органы берген малдың әрбір басына асыл тұқымдық куәліктің немесе оған балама құжаттың көшірмесі (асыл тұқымды малды және асыл тұқымды өнімді (материалды) импорттау кезінде;
-ветеринариялық зертханалық зерттеулердің сараптама актісінің (сынақ хаттамасының) көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың түпнұсқасын салыстырып тексеру үшін  ұсынды.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған ақпаратты уәілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ-мен куәладырылған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы алу мүмкіндігі болған кезде жеке басын куәландыратын құжаттарды,заңды тұлғаны мемлкеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті немесе анықтаманы,дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті талап етілмейді.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті беруші,орталық қызметкері ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға көрсетілгені қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
Порталға:
-көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
-осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес электорндық түрдегі мәліметтер;
-экспорттаушы елдің ресми органы берген малдың әрбір басына асыл тұқымдық куәліктің немесе оған балама құжаттың электрондық көшірмесі(асыл тұқымды малды және асыл тұқымды өнімді (материалды) импорттау кезінде);
-ветеринариялық зертханалық зерттеулердің сараптама актісінің (сынақ хаттамасының)электрондық көшірмесі.
Жеке басын куәландыратын құжаттар мәліметерін,заңды тұлғаны,дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктегі мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электронды құжаттар нысанында портал арқылы алады.
Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі  және қойылатын талаптар бойынша жеңілдіктер көзделмеген;
2)орны ауыстырылатын (тасымалданатын)объектілерің транзитіне рұқсат алу үшін импорттаушы елдің немесе экспорттаушы елдің ветеринария саласындағы уәкілетті органы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес мәліметтерді көрсете отырып,Қазақстан Республикасы арқылы транзитке рұқсат беру туралы жазбаша сұрау салу негізінде көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді.
7.Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
1)көрсетілетін қызметті берушіге-өтініштің көшірмесіндегі құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып,көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі;
2)орталыққа:
құжатты қабылдау нөмір мен уақытын;
-сұрау салынатын мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрін;
-қоса берілген құжаттар саны мен атауын;
-мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күнін(уақытын) және құжаттарды беру орнын;
-құжатты қабылдаған жауапты адамның тегін,атын,әкесінің атын;
-тегін,атын,әкесінің атын(жеке тұлғалар үшін) немесе атауын (заңды тұлғалар үшін), көрсетілетін қызметті  алушының байланыс деректерін көрсете отырып,тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын  растау болып табылады;
3) порталға – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұраусалуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы орталыққа осы тармақта көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, орталық қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіден талап етуге  жол берілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі  және оларға қойылатын талаптар бойынша жеңілдіктер көзделмеген.
8.Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
1) көрсетілетін қызметті берушіге-өтініштің көшірмесіндегі құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып,көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;
2) портал арқылы-көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып,мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
9.Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында осы санат субъектілері үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынуы;
2) қызметтүріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның еңгізілмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
4)келісуші мемлекеттік органның көрсетілетін қызметті алушыға лицензия беруге келіспеуі;
5)көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оған жекелеген қызмет түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімінің болуы;
6)сот орындаушысы ұсынымының негізінде соттың көрсетілетін қызметті алушыға лицензиялар алуға тыйым салуы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін902
mod_vvisit_counterКеше1971
mod_vvisit_counterОсы аптада11161
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда27791
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2279460

Серіктестер