Онлайн газет



ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ-БАСТЫ НАЗАРДА

Л.Орымбаева,
«Жұмыспен қамту орталығының» маманы.

Кез келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші халықты жұмыспен қамту мәселесін шешу болып табылатыны белгілі. Елбасымыз Н.Назарбаевтың тапсырмасымен қолға алынған «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы еліміз өңірлерінде қарқынды жүргізілуде.
Еліміздегі халықты жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуға жәрдемдесу арқылы табысын арттыру, өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды жұмыспен нәтижелі қамтуға тарту бағыттарын көздейтін бағдарламаның аясында аудандық жұмыспен қамту бөлімі де бірқатар нәтижелі жұмыстар атқарып келеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы  №636 қаулысымен енгізілген «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасын іске асыру іс-шаралары бойынша «Жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандары арқылы бүгінгі таңда жұмыссыз жүрген азаматтарды жұмыспен қамту, олардың отбасының жағдайын жақсартып, кәсіптерін дамытуда осы бағдарлама өз нәтижесін беруде.
Ағымдағы жылы бағдарламаның бірінші бағыты: «Инфрақұрылымды және тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» аясында 7 нысанға – 121,147 млн.теңгеге 62 жұмыс орны қарастырылды. Оның ішінде, елу пайызы «Жұмыспен  қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша 32 адам жұмысқа тартылды. Мырзатай мен Дихан ауылдық клубтарында, аудандық аурухананың терапевтік бөлімшесінде, балалар көркем сурет мектебінде, Алтынсарин, Жамбыл орта мектептері мен «Дариға апа» балабақшасы бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Екінші бағыт: «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту», бірінші құрамдас бөлігі бойынша:  шағын несие беруге 81 адам өз кәсіптерін жүргізу үшін 190,0 млн.теңге қаражат игерілді. Несие алған азаматтар Заң аясында салық органдарына тіркеліп, тиісті салықтарын  аударып отыруы да міндетті, сондай-ақ бағдарлама талабына сай қосымша жұмыс орындары ашылып, 2011-2014 жылдар арасында несие алған кәсіпкерлер өз қарамағына 253 адамды жұмысқа қабылдады.
Үшінші бағыт: «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу», бірінші құрамдас бөлігі бойынша: 124 адамды жұмыспен  қамту, оқыту жоспарланған. Оған қосымша тамыз айына Министрліктің меморандумына сәйкес, 1016 адамды жұмыспен қамту міндеті жүктелген. Осы көрсеткішті орындауда жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары әр ауылдық округтерінен атсалысуда. Осы бағыттың 1-ші құрамдас бөлігі жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде кәсіптік оқуға 4 адам, қайта даярлау курстарына 12 адам, біліктілігін арттыруға 5 адам қамтылды. Оқу тегін, шәкіртақы төленеді, мамандығын алған соң жұмыстары тұрақтандырылады.
Жастар тәжірибесі республикалық бюджеттен қаржыландырады, ұзақтығы 6 айдан аспайды, 29 жасқа дейінгі жастар мамандық алып, оқуды аяқтағаннан кейінгі 3 жылдан аспаған білімгерлер қабылданады.
Келесі жылға жастарға 60 орын, әлеуметтік жұмыс орындарына 25 орын қарастырылып отыр. Әлеуметтік жұмыс орындарына республикалық бюджеттен жалақының 35 пайызы субсидияланады.
Осы бағыттың 2-ші құрамдас бөлігі «Жұмыс берушiнiң қажеттiгi шеңберiнде еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру»  біздің ауданда әлеуеті төмен елді мекен болмағандықтан қарастырылмаған болатын, бірақ осы жақын арада екі облыс арасындағы ынтамақтастық меморандумына қол қойылды. 2014 жылдың 5 қарашасында Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында өткен еңбек ресурстары артық өңірлерден еңбек ресурстарын Шығыс Қазақстан облысына көшіру бойынша кеңестің хаттамасына сәйкес, тұрғындар арасында ақпараттық жұмыстарды жүргізу үшін ауылдық округтер әкімдеріне хаттар, слайдтар жолданды. Бірақ, бүгінгі күнге нәтиже жоқ, тек қана көшуге ниет білдіруші азаматтардың арасынан Сарыкемер ауылдық округінен  бір жанұя ғана ниет білдірді.
Осы хабарламаға құлақ түретін азаматтар болса, біздің орталыққа келіп, өтініштерін берулеріне болады. Орталықтың мекен-жайы: Сарыкемер ауылы, Байзақ батыр көшесі, 104 үй, байланыс телефоны 2-22-91.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін860
mod_vvisit_counterКеше1971
mod_vvisit_counterОсы аптада11119
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда27749
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2279418

Серіктестер