Онлайн газет



ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨЗ ДӘРЕЖЕСІНДЕ ӨТТІ

М.Манекеев,
«Ауыл жаңалығы».

Жуырда аудан орталығы Сарыкемер ауылында өңірге қыс жақындауына байланысты табиғаттың техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен өмірлік маңызы бар нысандарда пайда болып қалу мүмкін авариялық жағдайлардың алдын алу және оларды қысқа мерзімде жою бағытында «Қыс 2014» республикалық командалық штабтық оқу-жаттығуы болып өтті.
Жаттығудың мақсаты – төтенше, қауіпті жағдай туындаған кезде халықты апатты аймақтан аман-есен алып шығудың дайындығын тексеру болатын. Жаттығу Жамбыл облысы әкімдігінің іс-шарасы бойынша жүргізіліп, оған аудан әкімінің орынбасары, аудандық командалық штабтық оқу-жаттығудың басшысы Ә.Қилыбаев басшылық жасады. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен түскен дабыл бойынша шұғыл жиналған апаттық құтқару жасақтарына міндеттер белгіленіп, тиісті тапсырмалар берілді.
Арнайы тактикалық жаттығулар барысында апаттық құтқару командалары мен құрамаларының табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан орын алған зардаптарды жоюға дайындығы, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органның қыс мезгілінде өмірлік маңызы бар нысанда туындайтын төтенше жағдайларды жою және басқа да төтенше жағдайларда бағыныстағы күштерді басқаруға және құтқару жұмыстарын атқаруға машықтануы тексерілді. Тексеру барысында өрт сөндіру тобының кіші механизация жабдықтарымен  қамтамасыз етілуі, оған әкімшілік тарапынан көмек көрсетілуі, жедел жәрдем бригадасының дәрілерінің құрамы тексерілді. Қыс мезгілінде жұмысқа тартылатын техникалардың, «Д3-143» автогрейдер – 1, «Д-185» автогрейдер -1, «Фронтальды тиегіш 931 А» - 2, «КамАЗ-5511» автокөліктері - 2, құмшашқыш «КамАЗ» зима-лета – 1, трактор «МТЗ-80Л» - 2, сонымен қатар, қыс мезгілінде пайдаланатын инертті материалдар қоры (тұз-200 тонна, құм-400 тонна) олардың сақталуы тексерілді.
Бұл ретте аудандық Төтенше жағдайлар, ішкі істер бөлімі, №8 өрт сөндіру бөлімі, орталық аурухана, электр қуатын тарату мекемесі, телекоммуникация торабы, аудан әкімдігінің білім бөлімі, басқа да бөлімдер мен мекемелері жаттығудың ұйымшылдықпен өтуіне жан - жақты атсалысты. Жаттығудың өз дәрежесінде өтуін командалық штабтық оқу-жаттығудың басшысы Ә.Қилыбаевтың өзі қадағаласа, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы, өртке қарсы қызметінің подполковнигі Е.Мершиев пен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бөлімінің бас маманы, өртке қарсы қызметінің подполковнигі Г.Бекбергенова қатысып, қанағаттанарлық деген баға берді.

Обновлено 27.11.2014 09:37
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін860
mod_vvisit_counterКеше1971
mod_vvisit_counterОсы аптада11119
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда27749
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2279418

Серіктестер