Онлайн газет



ҮГІТ ПОЙЫЗЫ ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

М.Манекеев,
«Ауыл жаңалығы».

Аптаның сәрсенбісі күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты қазақстандықтарға арнаған Жолдауын станция тұрғындары мен теміржолшылар арасында кеңінен насихаттау мақсатында Жамбыл теміржол станциясынан насихат пойыздары екі бағытта жолға шыққаны белгілі.
«Жамбыл облысы әкімшілігі мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы - Жамбыл жол бөлімшесі бірлесіп ұйымдастырған ақпараттық - насихат тобы «Жамбыл - Бурное –Жаңатас», «Жамбыл - Шу – Шығанақ» бағыттарымен барлығы 1200 шақырым жол жүріп өтіп, 12 700 теміржолшы қызмет етіп жатқан 57 станцияны қамтыды.
8 вагоннан жасақталған насихат пойыздарының құрамында этно-мәдени орталықтардың, мемлекеттік емес ұйымдардың, зиялы қауым өкілдері мен мәдениет және спорт қайраткерлерінің, медицина қызметкерлерінің өкілдері бар.
Аталмыш «Жамбыл - Шу – Шығанақ» бағытымен қозғалған ақпараттық-насихат топқа Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының ұйымдастыру бөлімінің басшысы Нұржан Сансызбаев жетекшілік етіп, алдымен Үшбұлақ стансасы тұрғындарымен кездесу өткізді. Басшы мен теміржолшылар кездесуінің басты тақырыбы – Мемлекет басшысының Жолдауын талқылауға арналды. Ақпараттық-насихат тобының өңір халқымен кездесуі теміржолшылардың Жолдауды зор өрлеу үстінде қарсы алғанын көрсетті. Бұл құжатта олар өздерінің мақсаттарын жүзеге асыру, бүкіл елдің игілігін жақсарту келешегі жолдарын айқын көріп отыр.
Станса тұрғындары атынан сөз алған Төребек Төлегенов ақсақал ақпараттық-насихат топ мүшелеріне алғыс сезімін жеткізіп, ризашылығын білдірді.
Үгіт пойызы сапарының барысында жол бойында теміржолшыларға медициналық қызмет көрсетіліп, арнайы вагондарда халыққа нарықтағыдан арзандатылған ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдері сатылды.

Обновлено 24.11.2014 15:52
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін888
mod_vvisit_counterКеше1971
mod_vvisit_counterОсы аптада11147
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда27777
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2279446

Серіктестер