Онлайн газет



“Нұрлы Жол”- жаңашылдық пен жасампаздыққа бастар жол

Н. Жанназаров,
«Жас Отан» жастар қанатының мүшесі.

Елбасының  республика халқына арнаған әр жылғы Жолдауы республика халқының әл-ауқатын жақсартуға, ғылымы мен мәдениетін көтеруге, құқықтық базасын нығайтуға, республикамыздың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру жолында тың серпілістер мен жаңа жобалар әкелуде. Осылайша қараша айының 11 жұлдызындағы  «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы үлкен-кішінің жағдайын жақсартуға арналды десе де болады.
Жол - қайнаған тіршіліктің көзі, еліміздің әлеуеті мен экономикасын арттыратын басты фактор. Елбасы Жолдауында «Алысты жақын ету - бүгінгі Жолдаудың ең басты түйіні болмақ» делінген.    «Аймақтардың өзара байланысын жақсарту елдің ішкі әлеуетін арттырады.Облыстардың бір-бірімен сауда-саттығын, экономикалық байланыстарын нығайтады. Ел ішінен тың нарықтар ашады» деп атап көрсеткен.
«Нұрлы жол-болашаққа бастар жол»  атты Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында 7 басым бағыттар көрсетілген. Атап айтқанда, көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту, индустриялық инфрақұрылымдарды дамыту, энергетикалық инфрақұрылымдарды дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен су және жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымдарын жаңғырту, тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайту, әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту, шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау бойынша жұмыстарды жалғастыру.
Баспана мәселесі қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелердің бірі. Тұрғын  үйге сұраныс жылдан-жылға артып келе жатыр. Жолдауда «Баспананы тікелей, делдалдарсыз және несиеге барынша төмен пайызбен ұсыну оның сатып алу құнын арзандатуға мүмкіндік береді.Бастапқы жарнаның болмауы мен ипотека үшін төмен пайыздар баспананы қазақстандықтардың көптеген  жіктері  үшін қолжетімді ете түседі» делінген.
Жолдауда сонымен қатар, игілікті істердің ертеңгі мұрагері жастар саясаты да назардан тыс қалмапты. Жолдауда: «Мен жастар-біздің болашағымыздың тірегі дегенді әркез айтып келемін. Мемлекет жаңа буынның алдында барлық есіктер мен жолдарды ашты! «Нұрлы Жол», міне, біздің креативті, ырғақты жастарымыздың күш-жігер жұмсап, құлаш сермейтін тұсы –осы!» деген сөздерінде тағылым, жастарға сенім жатыр.
Елбасы сенімі жастарға күш беріп, болашаққа деген айқын көзқарасты ұстануға септігін тигізеді. Биылғы Елбасының Жолдауы  әрбір Қазақстан халқының  басты бағдары, келешегінің кемел көкжиегі болмақ.
Бүгінгі Жолдауда орын алған әрбір тың бастамалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру баршамыздың ортақ міндетіміз!

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін860
mod_vvisit_counterКеше1971
mod_vvisit_counterОсы аптада11119
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда27749
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2279418

Серіктестер