Онлайн газет



ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ ЕТІЛДІ

Ерлік ұлы істерге бастайды. 2011 жылғы 12 қарашада Тараз қаласының тұрғындарына үрей туғызған лаңкесті ұстау кезінде полиция  капитаны Ғазиз Әбдібекұлы Байтасов ерлікпен қаза тапты. Мемлекет тарапынан оның ерен ерлігі ескеріліп “Халық қаһарманы” атағы берілді. Батырға деген құрмет күні бүгінге дейін жалғасын тауып келеді.
Сәрсенбі, 12 қараша күні аудан орталығындағы «Батырлар аллеясында»  жиын өтіп, онда даңқты батырдың ерлігіне құрмет

көрсетілді. Жиында аудан әкімі М.Шүкеев сөз сөйледі. Аудан басшысы ерліктің ешуақытта ұмытылмайтындығын,  бұдан үш жыл бұрын жерлесіміз Ғазиз Әбдібекұлының қиын сәтте кеудесін оққа тосып, ерлікпен қаза тапқанын,  «Елі үшін туған ерлердің» ерлігі бүгінгі жастарды ұлы істер атқаруға үндейтіндігін айтты. Бұдан соң сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Р. Шәметов ұрпақ үшін жанын пида еткен ерлеріміздің рухына тағзым ету, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында  ардагерлерімізді ұлықтау, ардақтау және дүниеден өткен боздақтарды еске алу, жалпы аға ұрпақтың ерлігін ұлықтау арқылы кейінгі ұрпақты патриотизмге тәрбиелеудің  қайнар көзі екендігін сөз етті.
Жиын соңында   елі үшін жанын қиған батырды  бір минут үнсіздікпен еске алды. Аудан әкімі М. Шүкеев пен облыстық мәслихаттың хатшысы Б.Қарашолақ және басқа да  еске алу шарасына жиналған көпшілік батыр рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.
Батырдың ерлігін дәріптеген шаралар ауданымыздың барлық білім ошақтарында, сонымен қатар  өзі білім алған Түймекент орта  мектебінде де өткерілді.

 

Өз тілшіміз.

Обновлено 17.11.2014 11:58
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1203
mod_vvisit_counterКеше1566
mod_vvisit_counterОсы аптада2769
mod_vvisit_counterӨткен аптада10442
mod_vvisit_counterОсы айда19178
mod_vvisit_counterӨткен айда47003
mod_vvisit_counterБәрі2855753

Серіктестер