Онлайн газет



«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ – ХАЛЫҚТЫҚ ПАРТИЯ

М.Манекеев,
“Ауыл жаңалығы”.

Өткенді ой елегінен өткізіп, саралау, атқарылған істердің ауқымына тоқталып, іргелісін іріктеп алға тартып, кемшін тұстарына нендей кедергілердің кері әсерін тигізіп отырғаны жөнінде келелі кеңес құру – өміріміздің

айнымас заңдылығы. Ертеңгі болашаққа барар жолдың баяндылығын баптайтын әр істегі осынау байыпты қадамның бағасын әрине, халық береді.
«Нұр Отан» халықтық партия болғаннан соң ел тағдыры үшін жауапкершілік жүгін арқалап, өзінің құрылған күнінен бастап адамның, қоғамның және мемлекеттің дамуына жасалатын жағдайды жақсарту мақсатымен экономика мен саясатта ауқымды  реформаларды тұрақты түрде жүзеге асырып келеді.
Осы тұрғыдан «Нұр Отан» партиясы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту жолындағы барлық игі бастамаларға ұйытқы болып, ортақ мүдде жолында күш біріктіріп, еліміздің көркейіп гүлденуіне өзінің қомақты үлесін қосып келеді.
Аптаның сәрсенбісі күні аудан орталығы Сарыкемер ауылындағы әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде «Нұр Отан» партиясы Байзақ аудандық филиалының кезекті ХV есеп беру-сайлау конференциясы болып өтті. Аталмыш жиынға «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі Б.Қарашолақов, аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, депутаттық фракция мүшелері, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері мен бірқатар мекемелердің басшылары, ауылдық округтердің әкімдері, кәсіпкерлер, бастауыш партия ұйымдарынан сайланған делегаттар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Еліміздің мемлекеттік Гимнімен ашылған конференция отырысында алдымен «Нұр Отан» партиясы Байзақ аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі  М.Шүкеевтің аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің 2012 жылдың қазан айынан 2014 жылдың қазан айына дейінгі аралықта атқарған жұмыстарының есебі туралы баяндамасы тыңдалды.
Баяндамашы өз сөзін: «2012 жылдың  қазаны  мен 2014 жылдың қазаны аралығында «Нұр Отан» партиясының есепті кезеңі болып табылады. Бүгінгі конференцияда біз осы есепті кезеңдегі атқарылған жұмыстарды баяндап, оған баға беретін боламыз. «Нұр Отан» партиясының сайлауалды тұғырнамасын партия Төрағасы, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан  2050» Стратегиясын және партия Доктринасын, басшылыққа ала отырып, ауданымызда есепті кезеңде партия мүшелерінің араласуымен біршама жұмыстар атқарылды.
Партия аудандық филиалының Саяси кеңесі, есепті кезеңде, елімізде болып жатқан саяси және экономикалық оқиғалардың басы қасында жүрді десем артық айтқандығым емес. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы аудан тұрғындары арасында кеңінен талқыланды. Аудандағы барлық 38 бастауыш партия ұйымдарында ашық жалпы жиналыстары өткізіліп, Жолдау бойынша баяндамалар мен талдаулар өткізілді. Облыстық және аудандық деңгейде  құрылған ақпараттық насихаттық топтар кездесулер ұйымдастырып түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ақпараттық насихатық топтар (АНТ) құрамына ауданымыздың беделді азаматтары, саяси кеңес мүшелері, депутаттық фракция мүшелері, ардагерлер кеңесінің мүшелері, қоғамдық ұйым жетекшілері және этно-мәдени орталық жетекшілері енгізілді-деп бастады.
Партияның жұмыс істеу тәсілі жылдан жылға жаңарып, жаңғырып келеді. Тәуелсіз Қазақстанның әр жылы – бұл жаңа тарихымыздың тұтас дәуірі. Біз үшін өткен есепті жылдар нақ осындай кезең болды. «Нұр Отан партиясы  есепті кезеңде, «Электронды партия жобасын іске асырды. 2013 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап, электронды база құрудан бастап электронды хат алмасу жүйесі және электронды қоғамдық қабылдау жүйесі енгізілді. Бұл жүйенің артықшылығын аудан тұрғындары түсініп, қолдана бастады деп айтуға болады. Себебі, 2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылдың 10 айында 212 пайызға қабылдауға келген аудан тұрғындарының саны артқан. Бұл жүйе қолдану барысында жетілдіріліп келеді. Бүгінгі күні әрбір партия мүшесінің жеке сәйкестендіру нөмірінен бастап, оның төлқұжатындағы  мәліметтер мен партиялық куәліктің нөмірімен мекенжайы, жұмыс орны, байланыс телефоны түгелдей электронды форматта есепте тұр. Электронды құжат алмасу (СЭД) жүйесі аудандық филиалдың жұмысын автоматтандырып, қағаз айналымын қысқартып, кіріс-шығыс құжаттарының есебін жүйелендірді және орындаушылық тәртіпті күшейтті-дей келе, аудандық филиалдың  тыныс-тіршілігін алға тартып, іс-қимылдың басым бағыттарын баяндап берді.
Есепті мерзімде аудандық партия филиалының кезектен тыс үш партия конференциясы, «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбындағы форумы, алты Саяси кеңестің отырысы, он жеті мәрте Саяси кеңестің бюро отырысы, екі рет партия активімен кездесулер өткізілген.
Сондай-ақ Мұратхан Жүнісәліұлы партия Доктринасындағы құндылықтарды  іске асыру мақсатында партия Орталық аппаратымен ұсынылған он екі жоба, атап айтқанда, «Мықты бизнес – қуатты мемлекет», «Кедергісіз келешек», «Айқын тариф», «Біздің ауыл», «Бақытты отбасы», «Бақытты балалық», «Ардагерлерді ардақтайық!», «Партияның жаңа 50 тұлғасы», «STOP-Қылмыс», «Сәтті қадам», «Жастар – Отанға!» және «Жастар кадрлық резерві» жобалары аясында атқарылған ауқымды істерге тоқталды.
Сонымен қатар, аудан экономикасының жан-жақты дамуына бағытталған бірқатар жобалардың іске асырылуы нәтижесінде өңірде шағын және орта кәсіпкерлікті,агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қол жеткенін алға тарта отырып, ауыл шаруашылығы, жылыжай құрылысы, «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму», «Бизнестің жол картасы-2020», «Өңірлерді дамыту» бағдарламалары бойынша және «Өрлеу» жобасына сәйкес атқарылған жұмыстар, жолдар салу, газбен, таза ауыз сумен қамтамасыз ету, әлеуметтік, мәдениет, білім, денсаулық сақтау,  спорт салалары, мемлекеттік жекеменшік серіктестік аясында орындалған істерді жан-жақты баяндап берді.
Қазіргі таңда «Нұр Отан» партиясы  Байзақ аудандық филиалына қарасты 38 бастауыш партия ұйымында 119 топ құрылып, онда 4581 партия мүшесі тіркелген, соның ішінде ірі бастауыш партия ұйымдары «Мәдениет үйі», «Байланыс торабы», «Сарыкемер» , «Дана», «Газ тарату» бастауыш партия ұйымдары болып табылады. 2012 жыл мен 2014 жылдың қазан айлары аралығында 361 адам партия қатарына қабылданып, Жарғыға сәйкес құжаттары толық рәсімделсе, есепті кезеңде 126 адам партия қатарынан шығарылған. 
Сондай-ақ филиал төрағасы партияның  қызметі туралы ақпарат тарату және партияның мақсаттары мен міндеттерін насихаттау, әрбір азаматтың өзінің құқықтары мен мүддесіне қатысты партия  құжаттарымен, шешімдерімен және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігімен қамтамасыз ету күн тәртібінен түспейтін мәселе болып отырғандығына тоқталып, филиалдың мәслихаттағы депутаттық фракциясы  партияның аудандық филиалымен тығыз байланыста жұмыс жасап жатқанына баса назар аударды. 
Сондай-ақ баяндамада аудандық партия филиалы жанынан құрылған партиялық бақылау комиссиясы мен «Жемқорлыққа қарсы әрекет» жөніндегі қоғамдық кеңестің есепті мерзім аралығында атқарған жұмыстары, «Жас Отан» Жастар қанатының қоғамның саяси өміріне белсенді қатысуы әңгіме арқауы болды.
Мұратхан Жүнісәліұлы алдағы уақытта ауданымыздың еңселі экономикасын сомдап, ішкі тұрақтылыққа, әлеуметтік іргесінің беріктігіне қол жеткізуде жетекші орынды «Нұр Отан» партиясының иелене беретініне сенімін білдірді.
Сонымен бірге конференция барысында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бақылау комиссиясының төрағасы Р.Сапарбековтің,  «Жемқорлыққа қарсы әрекет» жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Р.Сәрсеновтің баяндамалары да тыңдалды. 
Мандаттық комиссия хабарламасы тыңдалып, бірауыздан бекітілген соң аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Р.Шәметов, «Жастар орталығының» директоры Е.Мадияров, «Газ тарату» бастауыш партия ұйымының төрайымы Г.Дүйсенбековалар жарыссөзге шығып, аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің 2012 жылдың қазан айынан 2014 жылдың қазан айына дейінгі аралықта атқарған жұмыстарына оң баға берді.
Содан кейін «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі Б.Қарашолақов сөз алды. Бағлан Жиенәліұлы аудандық филиалдың есептік кезеңде атқарған жұмыстарына оң баға бере отырып, күні кеше партия Төрағасы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырыснда Қазақстан халқына арнаған Жолдауы, кеңес отырысындағы көтерілген өзекті мәселелер, партия Жарғысындағы өзгерістер, жалпы облыс аумағында атқарылып жатқан оңды істерге тоқталып, партия мүшелерінің алдағы уақытта санын арттыру мен жасотандықтар туралы ой-пікірімен бөлісті.
Сонымен қатар, конференцияның күн тәртібіндегі ұйымдастыру мәселелері бойынша оған қатысушы делегаттар бірауыздан «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағалығына Мұратхан Шүкеевті, 19 адамды аудандық партия филиалы Саяси кеңесі мүшелігіне, 23 адамды «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының кезекті ХІV конференциясына делегат етіп сайлады.
Партия мүшелері С.Сыздықов, М.Қошқарбаев, Г.Дүйсенбековаларға «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі Б.Қарашолақов Құрмет грамоталарын салтанатты түрде табыс етіп, есеп беру-сайлау конференциясы өз жұмысын аяқтады. Бұдан соң  аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің отырысы басталды. Оның күн тәртібінде Саяси кеңестің бюро мүшелерін сайлау мәселесі қаралды. Кеңес мүшелері бірауыздан тізім бойынша 9 адамнан құралған бюро мүшелерін бекітіп, дауыс берді.

 

Обновлено 17.11.2014 11:57
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін809
mod_vvisit_counterКеше2102
mod_vvisit_counterОсы аптада2911
mod_vvisit_counterӨткен аптада11443
mod_vvisit_counterОсы айда12703
mod_vvisit_counterӨткен айда55843
mod_vvisit_counterБәрі2506370

Серіктестер