Онлайн газет



Бір мақсат жолында топтаса білу - елдігіміздің белгісі

Ә.Әлмұратов,
еңбек ардагері.
Сарыкемер ауылы.

Бүгінгі таңда әлем экономикасында орын алып отырған тұрақсыздық ешбір саналы азаматты бей-жай қалдырмауы тиіс. Оның басты да негізгі себебі-жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс екені белгілі.
2007-2009 жылдарғы дағдарыстың алғашқы толқыны және  оған қарсы қабылданған  табысты шаралар бұл істе көптеген тәжірибе жинауға  өз септігін тигізді.
Елбасымыз Н.Назарбаевтың  “Нұр Отан” партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында өзінің Қазақстан халқына  арнаған  кезекті, дәстүрлі Жолдауын жария етті. Аталмыш Жолдаудың белгілі мерзімінен бұрын жариялану себептері жайында Мемлекет басшысының өзі нақты түсінік берді.
Шындығында да  әлемде бүгінде өте терең және жан-жақты ойланатын күрделі мәселе туындап отыр. Нұрсұлтан Әбішұлының: ...”Барлық елдер осы күрделі кезеңнен лайықты өте алмайды. Бұл шептен тек мықты мемлекеттер, жұдырықтай жұмылған халықтар ғана өтетін болады. Қазақстан, әлемдік экономиканың бір бөлшегі және геосаяси қысымның эпицентріне тікелей жақын орналасқан ел  ретінде, барлық осы үдерістердің теріс ықпалына тап келеді...” деуі көп нәрсені аңғартса керек.
Ал енді мына өмірден көргені мен көңілге түйгені бар аға буын өкілі ретінде  айтарым- ең бастысы бұл үлкен сынақтан сүрінбей, абыроймен өту үшін біз елдігімізді, текті ұрпақ өкілдері екенімізді көрсетіп, топтаса білуіміз керек. Халқымыз арасында тұрақтылық пен келісімді сақтай отырып, “Мәңгілік Ел” жалпыұлттық идеямызды, Елбасы ұсынып отырған “Нұрлы Жол-болашаққа бастар жол” атты стратегиялық жоспарын жүзеге асыру жолында біркісідей аянбай еңбек етейік демекпін.

Обновлено 17.11.2014 11:50
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін510
mod_vvisit_counterКеше1335
mod_vvisit_counterОсы аптада6778
mod_vvisit_counterӨткен аптада9628
mod_vvisit_counterОсы айда15062
mod_vvisit_counterӨткен айда45659
mod_vvisit_counterБәрі2942077

Серіктестер