Е.Әшірбеков, “Aйна City” ЖШС-нің директоры, аудандық мәслихат депутаты.
Елбасы Жолдауында көтерілген барлық мәселелер өзекті болып табылады. Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол”» атты Жолдауымен мұқият танысып шықтым. Бұл тарихи құжатта Елбасымыз бүгінгі таңда, әлемде болып жатқан жағдайларды сараптай отырып, еліміздің экономикалық жаңа саясаты, оны жүзеге асыру жолдары, алдымызда тұрған биік мақсаттарды егжей-тегжейлі айқындап берді. Елбасымыз айтқандай «Батыс Еуропа –Батыс Қытай» дәлізінің жаңа инфрақұрылымдарының ашылуы
жас мемлекетіміз үшін аза маңызды деп есептеймін. Қазіргі күні әлем елдері шама-шарқынша алдағы он жылдықтардың жоспарларын бекітуде және түрлі тәуекелдер туа қалған жағдайда қандай әрекеттер қабылдау керектігін бағдарлауда. Сондықтан да 2030 жылға дейінгі құрылған стратегиялық жоспардағы тапсырмалардың көп бөлігін жүзеге асырған еліміз үшін жаңа даму баспалдағы қажет болғаны анық. Еліміздегі әрбір азаматтың бәсекеге қабілетті болғаны басты шартқа айналып отыр. Егер кез-келген қазақстандық басқа елдердің азаматтарымен өзі меңгерген мамандық бойынша тең отырып ой таластыруға жараса, онда мемлекетіміздің шоқтығы одан бетер арта түсеріне сенімім кәміл. Мемлекет басшысы жалпы ішкі өнім үлесіндегі шикізат өндірісінің көлемін төмендетіп, қайта өңдеу технологияларын қолға алу қажеттілігі туралы үнемі айтып келеді. Бұл халқымыздың қазба жер байлықтарына ұқыптылықпен қарап, қоршаған ортамызды сақтап, әрбір өндірісті салада кластерлік жүйе қалыптастыруға міндеттейді. Қолда бар ресурсты тиімді әрі сауатты пайдалансақ қана, ол келер ұрпағымызға игілік әкелері сөзсіз. Елбасынан бағдар берілді, жоспар жасалған, енді тек еңбек ету ғана қалып отыр. Жалпы, Елбасының Жолдауы жұртымызды алға жетелейтін жаңа құжат болғаны даусыз. Көшбасшымыз көрегендік таныта отырып, Қазақстанды дамушылар қатарынан дамыған елдер сапына қосуды арман ететіндігін аңғартты. Бұл биікке барлығымыз бірігіп, өз үлесімізді қосу арқылы ғана жетеміз. Сондықтан да Жолдауда жүктелген тапсырмаларды орындау - әрбіріміздің Отан алдындағы парызымыз деп білемін. |
Обновлено 17.11.2014 11:48 |