Онлайн газет



ӨНЕГЕЛІ ІСТІҢ ӨРІСІН КЕҢІТСЕК

Р.Шәметов,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Шүкір, ел жағдайының күннен-күнге жақсаруына байланысты атымтай жомарт азаматтарымыз да көбеюде. Мүмкін болғанша ел игілігіне, әсіресе әлеуметтік жағдайлары төмендерге қолғабыс беріп жатқан азаматтар

байтақ еліміздің әр жерінен табылып жатыр.  Бұл Отанына деген сүйіспеншіліктен туып жатқан бастамалар екеніне көзіміз жетті. Алыстан іздемей-ақ өз облысымыздың аумағынан да көптеп мысалдар келтіруге болады. Соның бірі жақында 17 қазан 2012 жылы «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған Көсемәлі Сәттібайұлының Сауранбай Дөненбаев жөніндегі мақаласы көп ой салды.  Сауранбай қарапайым азамат. Алайда Алла еңбегімен дәулетін тасытып, сол байлықтың бір бөлігін ел игілігіне жұмсауы арқылы «ашық қолды кәсіпкер» атанды. Ол Тұрар Рысқұлов ауданының Жарлысу елдімекенінен 40 балаға арнап оқушылар жататын интернат ашып берді. Бұл интернат тікелей мал бағып, күнін көріп отырған, алыстағы мал жайылымдарындағы малшылардың баласы үшін жасалған. Қарап отырсаң не деген сауапты іс. Бұл игі құрылысқа ол 150 млн. теңге өз қаржысын жұмсады. Не деген жомарттық!
Осындай кәсіпкерлер барлық жерде бар ма? Бар болса не істеді? Әрине қолы ұзын, мүмкіндігі бар кісілер қарап отыр деп айта алмаймыз. Көбінесе мешіт салдырады. Имандылық үшін ол да керек. Басқа да жасап жатқан қайырымдылықтарын жоққа шығара алмаймыз. Алайда осындай ірі де іргелі қамқорлықтар ойға түскенде біздің ауданда қалай деген сұрақты өзіме еріксіз қойдым. Бізде көптеген елдімекендерде балабақшалар ашылды. Өте дұрыс. Алайда осы балабақша үшін бұрын жекешелендірілген ғимараттар қыруар ақшаға сатып алынды. Оның егелері өз уақытында болмашы қаржыға, немесе басқадай түрде алғаны бізге белгілі. Бірақ Құдай қарасып тұрғанда халқымнан несін аяймын деп, тікелей тегін өткізіп, қайырымдылық жасаған ешкім жоқ.  Оны айтасың бағасын шарықтатып, бәлденгенін көргенде жағаңды ұстайсың. Сондай-ақ, мектеп құрылыстары, оған қосымша бөлмелер қосу сияқты жағдайларға да қолұшын бергендер шамалы. Сонда біздің ауданда жоғарыдағыдай қайырымдылық жасауға шамасы келетін кісі жоқ деп, ал болған жағдайда ниет жоқ деп айтуға бола ма? Ыңғайлы кәсіппен айналысып, керекті табысқа жетіп жатқандар біздің ауданда да баршылық. Алайда келешек үшін көрнекті қайырымдылық жасаушылар шамалы. Менің осы мақаланы жазуыма себеп болған жағдай сол азаматтардың жоғарыда айтылған Сауранбай Дөненбаевтан байлығы кем емес екенін айту және оларға ой салу мақсаты екенін жасыра алмаймын. Кәнеки, ойланып көрейікші, ағайындар!

 

Обновлено 01.11.2012 12:07
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1096
mod_vvisit_counterКеше1784
mod_vvisit_counterОсы аптада1096
mod_vvisit_counterӨткен аптада13521
mod_vvisit_counterОсы айда12843
mod_vvisit_counterӨткен айда64729
mod_vvisit_counterБәрі3990935

Серіктестер