Онлайн газет



КӘСІБИ МАМАННЫҢ ШЕБЕРЛІГІ - БІЛІМДІЛІГІНДЕ

Г.Шубекова,
Қазақстанның 40-жылдығы орта мектебінің кітапханашысы.

«ХХІ ғасыр – мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры.
Бар білімнің қайнар көзі – кітапхана».
Н.Ә.Назарбаев.
Заманға сай жаңа технологиялардың, компьютердің адам өміріне тереңдеп енуі, ғасырлар бойы санамызға қозғау салып, ой-өрісімізді кеңейтіп, бар білімді жинақтайтын адамның рухани азығы болып табылатын кітапқа деген қызығушылығының, жалпы оқу мәдениетінің төмендеп кетуіне басты себеп болып тұр.
Қоғамның дамуы, адамзаттың өсіп-өркендеуі кітаппен тығыз байланысты. Кітап оқусыз, жаңалықсыз ешкімде алға баса алмайды, бұл мәселе бүгінгі таңда жалпы мемлекеттік проблема болып тұр. Оқу - әлеуметтік жағдайда тілді дамытудағы негізгі қызмет ететін құрал. Оқу адамның көру және сөйлеу дағдыларын дамытады.
Жуырда Қазақстанның 40-жылдығы атындағы орта мектеп кітапханасында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Біртұтас ақпараттық кітапханалық жүйені қалыптастыру, автоматтандыру жұмыстарын кеңейту» тақырыбында мектеп кітапханашыларының секция отырысы болып өтті. Білім бөлімінің әдіскері А.Халиева жетекшілік еткен отырыста мектеп кітапханасының қолданушыларын әлемдік ақпарат қорына кедергісіз кіруді қамтамасыз ету мәселесі қаралды.
Кітапханаға келген оқырман талабын, сұранысын сапалы қанағаттандыру барысында қызмет көрсету дәрежесін көтеру мақсатында ұйымдастырылған секция отырысы барысында Сарыкемер орта мектебінің кітапханашысы Г.Базарбекова «Электронды кітапхана – заман талабы», Н.Ақшабаев орта мектебінің кітапханашысы Р.Ұлықбанова «Электронды кітапхананың қорын ұлғайту», Дихан тірек мектебінің кітапханашысы А.Назарова «Біртұтас ақпараттық кітапханалық жүйені қалыптастыру» тақырыптарында баяндама жасады.
Сондай-ақ отырыс барысында кітапханашылардың оқырмандармен жұмыста жақсы қарым-қатынас орнатуы, олармен әңгімелесе білуі, пікір алмасуы, педагогикалық әдептілік, кәсіби шеберлік танытуы оқырмандар психологиясын білуі, әртүрлі тақырыптағы сұраныстарын қанағаттандыруда кітапханашы маман жан-жақты, білімді кәсіби шебер маман иесі болуы, маманның кәсіби шеберлігі оның - білімділігіне тікелей байланысты екендігі айтылды.

Обновлено 17.11.2014 11:43
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін340
mod_vvisit_counterКеше2729
mod_vvisit_counterОсы аптада3069
mod_vvisit_counterӨткен аптада48670
mod_vvisit_counterОсы айда63818
mod_vvisit_counterӨткен айда69492
mod_vvisit_counterБәрі4109628

Серіктестер