Онлайн газет



Ерлік-елге мұра, ұрпаққа-үлгі

Г. Әбдіқұлова,
“Ауыл жаңалығы”.

«Еліңді сүйсең, ерлік жасайсың” дейді халық  даналығы. 1730-40 жылдары  қаһармандығымен көзге түсіп, елін-жерін қорғаған, 60-қа жуық канал қаздырып, халқын егіншілікке баулыған Байзақ датқа, қазақ елін аса іргелі елге айналдыруға сүбелі үлес қосқан Абылай ханның жорықта сенімді серіктерінің бірі болған Мәмбет Күнбасұлы, он бес жасында шайқасқа араласып, жиырма бесінде « ақ сауатты, алмас қылышты хас батыр-Қосы батыр», батыр, әрі би Сеңкібай Қабанұлы,  әділ  би атанған Мәдімар болыс өңіріміздің мақтанышы саналады. Ал екінші дүниежүзілік соғыста  өшпес ерлік жасаған Кеңестер Одағының Батыры Ақәділ Суханбаев, бүгінгі күннің   батыры,  «Халық  қаһарманы» Ғазиз Байтасовтың ерлігі өскелең ұрпақты өрлік пен  батырлыққа үндеп келеді.
12 қараша 2011 жыл.  Бейбіт адамдардың өмірін қорғап қалу үшін  ІІД Жол полициясы жеке батальонының 1-ші взвод командирі, полиция капитаны Ғазиз Әбдібекұлы  ланкес-жауызды жерге жығып, денесін көкірегімен жапты. Қарулы қылмыскерді құрықтау барысында Ғ.Байтасовтан басқа мамандандырылған күзет қызметі басқармасы жедел ден қою взводының қызметкерлері, полиция аға сержанты Полат Қойшыбайұлы Аянқұлов пен полиция сержанты Жақсыбек Апрелбекұлы Байсейітов те ерлікпен қаза тапты. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғауда көзсіз ерлік жасаған жол полициясының қызметкері Ғ.Байтасовқа Елбасының Жарлығымен «Халық қаһарманы» атағы берілген болатын.
ІІД Жол полициясы жеке батальоны 1-ші взводының командирі полиция капитаны Ғазиз Байтасов 1971 жылы Жамбыл қаласында дүниеге келген. 1978-1988 жылдары Байзақ ауданындағы Түймекент орта мектебінде оқып білім алған.   Қарағанды политехникалық институтын одан соң  Әл Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірісімен ІІО қызметін бастайды. Мінсіз қызметі үшін 2 және 3-дәрежелі «ІІО мінсіз қызметі үшін» медальдарымен және облыс әкімінің Мақтау қағазымен марапатталған Ғазиз  бейбіт күнде    бабалардың  ерлігін жалғастырған хас батыр.
Ерлік-елге мұра, ұрпаққа-ұран.  Нағыз ерлер тәуекелге бас тігіп,  тарих бетіне  өздерінің есімдерін мәңгілікке жазып кетеді. Бүгінде  ержүрек ұлының есімін мәңгілік есте қалдыру мақсатында ол оқыған «Түймекент» мектебіне оның есімін беру туралы жерлестері ұсыныс жасап, облыстық ономастикалық комиссияда қолдау тауып, жоғарғы органдарға жөнелтілді. “Халық қаһарманының» суреті мен аты-жөні жазылған мемориалдық тақта аудан орталығы Сарыкемер ауылындағы “Батырлар аллеясына” орнатылды. Бұның бәрі батыр ерлігіне деген  құрметті білдіріп қана қоймай,  туған өңірімізден шыққан батырлар ерлігінен кейінгі ұрпақ өнеге алып, ұлы істерді атқаруға жол ашатындығы ақиқат.

 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін321
mod_vvisit_counterКеше2729
mod_vvisit_counterОсы аптада3050
mod_vvisit_counterӨткен аптада48670
mod_vvisit_counterОсы айда63799
mod_vvisit_counterӨткен айда69492
mod_vvisit_counterБәрі4109609

Серіктестер