Онлайн газет



Мәңгілік Ел - ұлы мақсатымыз

С.Умралиев,
Байзақ аудандық сотының судьясы.

Әлемдік өркениет Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты бүкіл адамзаттық мүдде тұрғысынан қарайтын реформатор тұлға ретінде біледі, мойындайды.
Барлық елдің президенттері секілді Елбасымыз да жыл сайын халқына Жолдау арнайды. Жолдауда елді өркендетудің болашақ бағдарламалары нақтыланып, оны үкімет, жергілікті билік кезең-кезеңімен жүзеге асырады. Елбасының елiмiздiң өркениеттi дамуының теориясын сонау тәуелсiздiгiмiздiң алғашқы күндерiнде-ақ ерте бастан ой елегiнен өткiзiп сараптаған көрінеді. Ал 1997 жылғы «Қазақстан-2030» ұзақ мерзімді стратегиялық Жолдауында Нұрсұлтан Әбішұлы елiмiздiң келешек келбетiн әдеби метафоралық теңеумен былай деп бейнелеген-дi: «2030 жылға қарай Қазақстан Орталық Азия Барысына айналады және өзге дамушы елдер үшiн үлгi болады деп сенемiн… Жануарлар әлемiнде Жолбарыс туыстас болғанымен, Барыстың өзiндiк ерекшелiктерi де бар. Бұл өзiне тән тектiлiгiмен, бұлалығымен, алғырлығымен, жасқануды бiлмейтiн тәкаппарлығымен, батылдығымен, айлалығымен дараланатын Барыс болмақ…».
Қазақстанның халықаралық аренадағы беделi жыл сайын биiктен биiкке көтерiле бердi десек, артық айтқандық болмас. Досты сүйiндiрiп, дұшпанды күйiндiрер небiр тамаша табыстарға қол жеткiздiк!
Елбасы бүкiләлемдiк азаматтық тәжiрибемен байланыстыра отырып, бағдарлама сызып, республиканың өзiндiк ұлттық идеологиясын ұсынды. Оның міндеттері: бiр жеңнен қол, бiр жағадан бас шығара отырып, ең бiрiншi – әлеуметтiк бағдарланған аралас нарықты экономика құру; екiншi – ұлттық кәсiпкерлiктi қолдау; үшiншi – өндiрiстi құрылымдық жағынан қайта құру; төртiншi – халықты әлеуметтiк қорғау; бесiншi – мемлекеттерден экономикалық, саяси серiктестiктер таңдау; алтыншы – республикада құқық мәдениетi мен құқықтық реформаны жүзеге асыру; жетiншi – Қазақ елiнiң қорғаныс қабiлетiн сақтайтын ұлт қауiпсiздiгiн нығайту; сегiзiншi – бiздiң барлығымыз да бұрынғы КСРО-ның немесе ТМД-ның емес, тәуелсiз, болашағы жарқын Қазақстан мемлекетiнiң азаматы екенiмiздi жан-жүрегiмiзбен түсiнiп, ұғыну, сөйтiп, әрбiр адамды бала кезiнен «Қазақстан – менiң Отаным, оның мен үшiн жауапты екенi сияқты, мен де ол үшiн жауаптымын», – деген қарапайым ойды бойына сiңiруге тәрбиелеу; тоғызыншы – тiл мәдениетiн көтеру, оның iшiнде өзге тiлдерге көлеңке түсiрмей, қазақ тiлiн мәдениеттiң бiр бөлiгi ретiнде, барлық қазақстандықтарды бiрiктiрудiң қосымша факторы ретiнде қарастыру. Ол барлық ұлттар мен ұлыстарға қазақ халқының мәдениетiн, дәстүрiн, әдет-ғұрпын, тұрмыс-тiршiлiгiн танытып бiлдiрудiң негiзгi ұйытқысы болуы тиiс.
Ұлы мақсатымыз - Мәңгілік Ел болу идеясын жүзеге асыру. Елбасымыз «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында біздің негізгі нысанамыздың осы екенін айқындап берді. Біздің еліміз - Қазақтың елі. Мәңгілік ел дегеніміз - адамзаттың бар құндылығын бойына сіңірген, әлемдегі өркениетті отыз елдің қатарынан ойып тұрып орын алатын, олармен тең дәрежеде достық, туыстық қатынас орнататын елдігімізді нығайта түсу.
Осы бағытта   еңбек ете отырып, маңызды құжаттағы басты міндеттерді іске асыру болып табылады.

 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін364
mod_vvisit_counterКеше2729
mod_vvisit_counterОсы аптада3093
mod_vvisit_counterӨткен аптада48670
mod_vvisit_counterОсы айда63842
mod_vvisit_counterӨткен айда69492
mod_vvisit_counterБәрі4109652

Серіктестер