Онлайн газет



ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС – АЗАМАТТЫҚ БОРЫШ

«Мемлекеттік басқару органдарында сыбайлас жемқорлықты жою жолында барынша жүйелі жұмыстар жүргізу қажет».
Н.Назарбаев.

Ш.Әбдірәсілов,
аудан әкімдігі білім бөлімінің сектор меңгерушісі.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңында сыбайлас жемқорлықтың нақты түсінігі және құқық бұзғанға жауапкершілік шаралары белгіленген. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып, не мүлiктiк пайда алу үшiн   олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы, оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп есептеледі. Сонымен қатар, пара беру де қылмыстық іс болып табылады.
Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.
Ел болып еңсемізді көтеріп, төрткүл дүниеге қазақ елін – егемен, демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде таныттық. Өткенімізге көз салсақ, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.
Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу-барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін307
mod_vvisit_counterКеше2729
mod_vvisit_counterОсы аптада3036
mod_vvisit_counterӨткен аптада48670
mod_vvisit_counterОсы айда63785
mod_vvisit_counterӨткен айда69492
mod_vvisit_counterБәрі4109595

Серіктестер