|
Бүкіл әлемнің саяси әлеуметтік экономикалық, мәдени және рухани жағдайына ықпал етіп отырған діни экстремизм мен терроризм ХХІ ғасырдың ең бір өзекті мәселесіне айналды. Осыған орай жақында ““Панорама”
ақпараттық орталығы қоғамдық бірлестігі “Дін мәселелерін зерттеу орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қолдауымен аудандық дін мәселесі бойынша ақпараттық-насихат топ мүшелері белсенді қариялармен семинар өткізді. Семинарды аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы М. Махамбетов ашып, діни экстремизм мен терроризм және теріс пиғылды ағымдармен күрестің маңызын сөз етті. Бұдан соң сөз алған “Панорама” ақпараттық орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б. Мурбеков семинар тақырыбына қатысты баяндама жасады. Ол қоғамда конфессияаралық келісім мен тұрақтылықты сақтаудың рөлін, экстремизм және терроризм сөздеріне қысқаша түсінік берді, елімізде соңғы кезде болып жатқан діни-экстремистік, террористік секталардың іс-әрекеттері, олардың мақсатын тілге тиек ете отырып, конфессияаралық келісімді нығайту, діни сауаттылықты арттырудың маңызына тоқталды. Сот шешімімен Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған террористік және экстремистік ұйымдардың тізімдері жеткізілді. “Һибатулла Тарази” мешітінің наиб имамы Е. Аманбаев Ханафи мазхабының ерекшеліктері, ислам дінінің қасиеттері, теріс пиғылды діни ағымдармен күрес, жастар бойында ата дінімізге деген құрметті қалыптастыруда аға ұрпақ пен ата -ананың рөлін әңгімеледі. Қазіргі жастар арасында етек алып жатқан ата-анасына деген діни теріс көзқарастары мен әрекеттерін атап, олардың ислам қағидаларына қайшы келетіндігі туралы ескеріп, бірқатар тәрбиелік мәні бар мысалдармен осы мәселенің бүгінгі таңдағы өзектілігін көрсетті. Алқалы жиынға қатысушылар “Экстремизм және терроризммен күрестің алдын алу барысы туралы жобамен танысты. Аталмыш мәселе бойынша аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Р. Шәметов, төраға орынбасары К. Беспаев, аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы С. Сыздықов, еңбек ардагері Ермахан қажы Бердалы, Сарыкемер ауылдық округі ақсақалдар алқасының төрағасы С. Ермеков, аудан әкімдігі білім бөлімінің әдіскері И. Спаналиевалар ойларын ортаға салды. Жалпы семинарда экстремизм мен лаңкестікке қарсы күрес, сонымен қатар радикалдылыққа және қоғамдағы төзімсіздікке алып келетін факторларды анықтау мәселелерін талқылады, өзара пікір алмасты.
Өз тілшіміз. |
|
Обновлено 12.11.2014 11:21 |