Онлайн газет



Жастар және құқық

Жаһандану дәуірі қоғамның қай буын өкілінің болмасын өміріне өз ықпалын тигізуде.  Әсіресе   жаңадан өсіп келе жатқан жастар арасындағы қылмыс: соның ішінде ұрлық, автокөлікті айдап кету, тонау, ұрып кету, бұзақылықтың алдын алу   мақсатында  таяуда  Ленин атындағы орта мектепте  “Тәртіпсіздікке жол жоқ!” атты

тақырыпта онкүндік  акция өтті. “Өз құқығыңды білесің бе?”, “ Құқық әлемінде”, “ Жасөспірім қылмысы- қоғамдық дерт”,  “Заң және заман”, “ Жақсыден үйрен”, жаманнан жирен”, “Баланың жақсысы қызық,  жаманы күйік”  атты тақырыптарда дөңгелек үстел, тәрбие сағаттары, тренинг,  құқықтық оқулар,  рейд, ата-аналар жиналысы өткеріліп, онда отбасында балаға дұрыс тәрбие беру, жастар арасындағы қылмыстың алдын алу барысы сөз болды.
Акцияны мектеп директоры Е. Төлеев ашып,   елдің үкілеген үміті жастарымызға тәлімді тәрбие беру,  өсіп келе жатқан жасөспірімдерді ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу  жайы туралы айтты. Директордың құқықтық тәрбие  жөніндегі орынбасары Б. Алғадаева, тәлімгер Ж. Ахметова, құқық пәнінің мұғалімі М. Жетібаевалар  қоғамда жастардың алатын орны,  жастардың құқықтары жөнінде өздерінің ойларымен бөлісті. Мектеп  инспекторы А. Сенбиев, учаскелік  полиция қызметкері М. Манатов жастар құқық бұзатын болса,  заң алдында жауап беретіндігін,  қылмыстық құқықтық бұзушылық туралы кодекстің баптары туралы айтып берді.
Алқалы жиынға қатысқан 1-10 сынып оқушылары өздерін толғандырған сауалдарын қойып,тиісті  жауаптарын алды.

 

Өз тілшіміз.

Обновлено 12.11.2014 11:13
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін268
mod_vvisit_counterКеше1456
mod_vvisit_counterОсы аптада1724
mod_vvisit_counterӨткен аптада11734
mod_vvisit_counterОсы айда9365
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2261034

Серіктестер