Онлайн газет



Айтулы мерейтойға арналды

Ж. Момбаев,
ауылдық ақсақалдар алқасының хатшысы.

Жақында  Жамбыл облысының 75  жылдығы кеңінен аталып өтілді.  Мерейлі мерейтой қарсаңында клуб меңгерушісі А. Мадибаевтың ұйымдастырумен ауыларалық «Аймақтар аламаны» байқауы өтті. Кір тасын көтеру,  халық әнін орындау,  дәстүрлі ән өнері, би,  өнері. жеке ән орындау, сахналық көрініс талаптары бойынша өткерілген бұл шарада

Суханбаев ауылдық округітің әкімі М. Өзбеков, ақсақалдар алқасының төрағасы Ә. Қосыбаев сөз сөйлеп,  талапкерлерге  сәттілік тіледі.
Дүбірлі додаға  Көкөзек ауылындағы Т. Ақбозов мектебінен «Дарын», Қарасу мектебінен «Әжелер», Жақаш ауылындағы А. Суханбаев мектебінен «Сұңқар» және «Айнұр» балабақшасынан «Қызғалдақ»  топтары қатысып, мың бұрылып биледі,  әуелете ән шырқап, жарқыраса кір тасын көтеріп,  сахналық көрініс көрсетті. Кір тасын көтеруден «Дарын» тобының мүшесі Б.Садықов, дәстүрлі ән айтудан «Сұңқар» тобынан Ә.Көпжасаров. «Қызғалдақ» тобының биші қыздары өзбек биімен көпшілікті тәнті етті. «Әжелер» тобынан Ә.Күздеубаева жеке дауыста ән айтып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» дегендей байқауда бас жүлдені «Дарын» тобы иемденді.  Бірінші  орынды «Қызғалдақ» тобы, екінші орынды «Сұңқар», үшінші  орынды «Әжелер»  тобы өзара бөлісті.
Жеңімпаздарды  округ әкімі М. Өзбеков дипломдармен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыс етті.




Обновлено 12.11.2014 11:13
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін176
mod_vvisit_counterКеше1456
mod_vvisit_counterОсы аптада1632
mod_vvisit_counterӨткен аптада11734
mod_vvisit_counterОсы айда9273
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2260942

Серіктестер