Онлайн газет



“Ауыл ажары-азаматына сын” экспедициясы-Байзақ ауданында болды

Бейсенбі, 6 қараша күні  Халықаралық  “Қазақстан-ZAMAN” газетінің  “Нұр Отан” партиясы және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлескен “Қазақстан-2050”: “Ауыл ажары-азаматына сын” атты экспедициясы ауданымызға атбасын тіреді.
Экспедиция құрамында  Бас директордың бірінші орынбасары, экспедиция басшысы Сәуле Мешітбайқызы, аталмыш газеттің  Бас редакторы, Қазақстан Журналистер және Жазушылар одақтарының мүшесі Ертай Айғалиұлы және басылымның  Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі Болат Мәулен болды.
Аталмыш  экспедиция мүшелері алдымен Қызыл жұлдыз ауылдық округіне қарасты “Rola-7” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болып,   өндірілген өнім түрлерімен танысты, жұмысшылармен сұхбаттасты.Елбасымыздың ауылды түлету, жаңғырту жөніндегі бағдарламалардың орындалу барысын көздерімен көрді. Бұдан соң  экспедиция мүшелері  ауданымыздағы “Үлгілі округ”  саналатын Ботамойнақ ауылдық округінде болып, ауыл тұрғындарымен жүздесті. Алқалы жиынды аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы М. Махамбетов ашып,  келген қонақтармен көпшілікті таныстырды.
Басылымның Бас редакторы Ертай Айғалиұлы  алдымен газеттің шығу тарихынан сыр шертті, басылымның көтерген жүгін,   экспедицияның алдына қойған мақсатына тоқталды.   Өзінің  еңбек жолынан біраз мәлімет берген соң, экспедиция басшысы, Бас редактордың бірінші орынбасары, “қазақтың қайсар қызы”  Сәуле Мешітбайқызына сөз берді.
Журналистика саласына  63 жасында келген Сәуле Мешітбайқызы   “Нұр Отан” партиясы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігін және “Қазақстан-ZAMAN” газеттің бүкіл ауыл тұрғындарына жариялаған Үндеуінде ауыл- мемлекетіміздің іргетасы екендігін, онда тұрып жатқан  азаматтардың  еліміздің өркендеуіне қосып отырған үлесін, ауылдың мәртебесін көтеру, мемлекеттік бағдарламалар аясында атқарылған тірліктер, игілікті істің басында жүрген атпал азаматтардың өнегелі   істерін  насихаттауға бағытталғандығын айта келе,  “Ең ажарлы ауыл”, “Ең  үлгілі мектеп”, “Ең үздік мұғалім”, “Ең үлгілі   кәсіпкер” номинациялары бойынша бәйге жарияланып отырғандығын  жеткізді. Өзінің сөзінде Сәуле Мешітбайқызы  еңбек жолын ұстаздықтан бастағандығын,  ел көкейінде жүрген маңызды проблемалық мәселелерді көтерудегі газеттің алатын орны,  республикамыздың  түкпір-түкпіріне орналасқан елді мекендерді аралап, халықпен кездесу барысы,  сәні мен салтанаты келіскен ауылдардың  игілікті істері   газеттің “Аймақтар айнасы” атты қосымшасында жарық көріп келе жатқандығын айтты.
Жүздесуде округ әкімі Е. Зәуірбеков аумақтың тіршілігінен ақпарат берді.Ауылдық ардагерлер  алқасының төрағасы Р. Ысқақов, С. Абланов атындағы мектептің директоры А. Есжанова  осындай тағылымы мол кездесудің берері мол екендігін айтып,  редакция  қызметкерлеріне шығармашылық  табыс тіледі.  Шаруа қожалығының жетекшісі К. Шартықбаев,  зейнеткер Л. Мұсабаевтар игерілмей жатқан жерлерге қолданылатын шаралар, банктен несие алу, ірілендіру  жайында  өздерінің ойларын ортаға салды. Туындаған сауалдарға  облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының  орынбасары  З. Өмірәлиев жауап берді.
Ауыл тұрғындарымен   емін-еркін, бүкпесіз жүздескен экспедиция мүшелері  бұдан соң Сарыкемер орта мектебінде болды,  естелік кітабына қолтаңбаларын қалдырды,  мектеп директоры  М. Наметқұлов білім ошағының тыныс-тіршілігі туралы айтып берді.
Экспедиция мүшелері сондай-ақ,  аудан әкімінің міндетін уақытша  атқарушы, аудан әкімінің бірінші орынбасары Ә.Қилыбаевтың қабылдауында болды.
Экспедиция мүшелерімен бірге  облыс әкімдігі ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары Ж. Бекбосынова еріп жүрді.

Өз тілшіміз.

Обновлено 11.11.2014 10:17
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін123
mod_vvisit_counterКеше1456
mod_vvisit_counterОсы аптада1579
mod_vvisit_counterӨткен аптада11734
mod_vvisit_counterОсы айда9220
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2260889

Серіктестер