Онлайн газет



Жан серігім, сырласым

Н. Бейсенов,
ардагер ұстаз, штаттан тыс тілші.
Түймекент ауылы.

Мектеп табалдырығын аттаған жастайымнан бастап, газет-журнал, кітаптарды жинап, оқуға машықтанып өстім. 18 жасымда  алғашқы рет аудандық газетке мақала жаздым, ол  коммунистік партияның қылышынан қан тамып тұрған кез болатын. Аудандық газет сол тұста «Колхоз жолы» деп аталатын. Сол кездері жыл сайын аудандық партия комитетінің мәжіліс залында салтанатты жиын өтіп,  соңында, белсенді тілшілерге, сыйлықтар, мақтау қағаздары тапсырылатын.
Сол белсенді тілшілердің ішінде мен де болатынмын. 1959 жылы аудандық газетке «белсенді тілші» деп суретіммен бірге мен туралы мақала шықты. Сондағы қуанышымды айтып жеткізе алмаймын. Ол газет күні-бүгінге дейін, өз архивімде, әлі сақтаулы тұр.
Газеттің аты кейіннен «Село жаңалығы»-«Сельская новь» болып өзгертілді.  Бір сөзбен айтқанда, аудандық газет менің өзіммен түйдей құрдас. Сондықтан ол менің жан серігім, замандасым, сырласым, - десем артық айтқандық емес.Өйткені мені биікке өсіріп, шығарған, маған тұңғыш рухани азық, күш-қуат берген – менің алғашқы, өмір мектебім болған да – осы «Ауыл жаңалығы» газеті. Алғашқы еңбек жолын осы қара шаңырақтан бастаған бір топ азаматтар бүгінде елімізге танымал ақын,  журналист, жазушылар. Атап айтқанда ақын, драматург, жазушы, журналист Арғынбай Бекбосын, журналист Әділ Дүйсенбеков, ақын Әсілхан Рахманов,  журналист  Тұрсынхан Толқынбаев, Айтқұл Мамытқұлұлы, осы «Ауыл жаңалығы» газетінде қызмет  етіп, елге танылғандар.
Бүгінде аудандық газет, заман талабына сай, кісі танымастай өзгерді. Оның үлкен пішіні (форматын), сыртқы (дизайндық) безендірілуін айтпағанда, идеялық мазмұны тереңдеді, сондай-ақ, берілетін ақпараттардың жан-жақтылығымен, жылдамдығымен тәнті етеді.Алдағы уақыттарда газет беттерінде маңызды мәселелер көтеріліп, мазмұнды, құнды, ауданның экономикасы мен әлеуметтік, мәдени, рухани дамуында болған өзгерістер жарық көреді деп сенемін.
Ауданның тыныс-тіршілігінен кеңінен  сыр шертетін сүйікті газетімізге біркісідей  жазылайық ағайын!

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін59
mod_vvisit_counterКеше1456
mod_vvisit_counterОсы аптада1515
mod_vvisit_counterӨткен аптада11734
mod_vvisit_counterОсы айда9156
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2260825

Серіктестер