Онлайн газет



Жемқорлықпен күрес стратегиясы

Г. Жебешова,
Байзақ ауданы бойынша салық басқармасының  «Тіркеу,  ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталығы» бөлімінің  жетекші маманы.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес туралы» Заңы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа  байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлейдi. Осымен бірге Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Салық комитетімен жалпыұлттық сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында  «Қазақстан Республикасының салық қызметі органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясы» жасалған. Бұл құжат сыбайлас жемқорлық көріністерін қалыптастырып, жоғары тиімді салық қызметін құруға негізделген.
Қазақстан Республикасының салық қызметінің дамуы Стратегиясы мен салық қызметі органдарында сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу Стратегиясы негізгі үш бағыт бойынша іске асырылады:
1. Мемлекеттік қызметтер көрсетуде тиісті мерзімдерді сақтау. Бұл талап бюрократиялық кедергілер және қызмет көрсетуді тездетудің заңсыз жолдарын болдырмау үшін қажет.
2. Электронды қызмет түрлерін көбейту арқылы Салық қызметі органдарының қызметкерлері мен салық төлеушілер арасындағы қарым-қатынасты азайту. Қазіргі таңда салық төлеушілердің басым көпшілігі электронды салық төлеуші болғандықтан өз офисінде отырып-ақ салық есептерін жіберу, бет есептерін қарау, ескертпелерді алу және т.б. мемлекеттік қызмет түрлерін қолдана алады.
3. Еңбек шарттарын жетілдіру арқылы салық қызметі органдарында жалақыны арттыру, қызметкерлердің жұмысқа деген ынтасы мен кәсіби деңгейін көтеруге деген ұмтылыстарын арттыру үшін жұмыс көрсеткішіне қарай сыйақы төлеу қарастырылған.Бұл айтылғандарға қоса Байзақ ауданы бойынша салық басқармасының дәлізінде   арнайы стендтерде өтініштердің үлгілері, салық есептіліктердің толтыру тәртіптері, салық төлеушілерге басқарма қызметкерлерінің қызмет көрсету барысына өтініш, талап-тілектерін білдіру мақсатында арыз – шағымдар  жәшігі орналастырылған.Сонымен қатар салық қызметі органдарының лауазымды тұлғаларының өкілеттіліктерінің асыра пайдалану фактілері туралы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық немесе қылмыстық белгілер көзделген салық органдары қызметкерлерінің әрекеттері (әрекетсіздігі) туралы хабар беру мақсатында аудандық салық басқармасында 2-28-38 «сенім телефоны» жүйелі түрде жұмыс жасайды. Арыз –шағымдар жәшігіне және сенім телефонына келіп түскен барлық өтініштер арнайы журналға тіркеліп, ҚР заңдарының талаптарына сәйкес мерзімінде қаралып, жауап беріледі.   
Бұл амалдардың барлығы егер қоғамның өзі, әрбір азамат сыбайлас жемқорлықпен күреспесе оң  нәтиже бермейтіндігі белгілі. Сондықтан  жалпы қоғамда жемқорлық құқық бұзушылықтарды болбызбауға және олардың алдын алуға шақырамыз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін300
mod_vvisit_counterКеше1456
mod_vvisit_counterОсы аптада1756
mod_vvisit_counterӨткен аптада11734
mod_vvisit_counterОсы айда9397
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2261066

Серіктестер