Онлайн газет



Күн тәртібінде - өзекті мәселелер

Ауданның үстіміздегі жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму барысы аудан әкімдігінің кезекті мәжілісінің күн тәртібіне шығарылып, талқыланды.
Мәселе  бойынша жиын қатысушылары алдымен аудан әкімдігі экономика және бюджеттік  жоспарлау бөлімінің басшысы Д.Жақыпбековтің

баяндамасын тыңдады.

 

Аудан экономикасының негізін қалаушы ауыл шаруашылығы саласы өнімдерінің жалпы көлемі 14822,5 млн.  теңгені құраған немесе өткен (2013) жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 98,6 пайыз.
Есепті кезеңде былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда мүйізді ірі қара малы 434 басқа, қой мен ешкі 1500 басқа, жылқы 505 басқа,  түйе 15 басқа, шошқа 4 басқа, құс 1552 басқа өскен.
Өнеркәсіп саласына келер болсақ, өнім көлемінің негізгі үлесін құрайтын аудан кәсіпорындарымен 1 млрд, 877 мың теңгенің өнімі өндіріліп, бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 95,4 пайызды құраған.
Одан әрі қарай баяндамашы үдемелі индустриалды-инновациялық бағдарламасы аясында аудан  аумағында жүзеге асырылып жатқан жобалар, шағын және орта кәсіпкерліктің даму деңгейі, бөлшек сауда, негізгі капиталға салынған инвестициялар, құрылыс, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасының орындалуы, аудан бюджеті, салық түсімдері, жол жөндеу жұмыстары, сондай-ақ әлеуметтік сала бойынша –жұмыссыздықпен күрес, «Өрлеу» жобасының қарқыны, тұрғындарды әлеуметтік тұрғыдан қорғау, сонымен қатар денсаулықты сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, қылмыспен күрес салаларының есепті мерзім аралығындағы салыстырмалы  түрдегі көрсеткішткерімен таныстыра келе, кейбір салаларда орын алған кемшін тұстарға тоқталып, алдағы уақыттарда бұндай олқылықтардың назарға алынуын сұранды.
Баяндамашыға мәжіліс төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Ә. Қилыбаев және әкімдік мүшелері тарапынан сұрақтар қойылып, жауап алынған соң,  талқылауға негізгі мәселе бойынша аудан әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы Ж. Құмағанбаевтың, Бурыл ауылдық округінің әкімі Е. Әліқұловтың, Көптерек ауылдық округінің әкімі Б. Рысқұлдың есептері тыңдалды.
Есеп берушілер өз сала және ауыл аймақтарындағы қаңтар-қыркүйек айлары аралығында атқарылған жұмыстар, сонымен бірге кейбір салық түсімдерінің орындалмау, бөлінген қаржы көздерінің игерілмеу себептеріне түсінік берді.
Мәселені қорытқан Әзімбек Қилыбайұлы тиісті сала басшылары мен ауыл әкімдеріне айтылған кемшіліктерді тез арада  жою, алдағы уақытта жол бермеу туралы нұсқаулар берді.
Мәселе бойынша тиісті қаулы қабылданды.
Бұдан соң жиын қатысушылары өзіне жүктелген функционалдық міндеттерінің орындалуы және мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы Суханбаев ауылдық округінің әкімі М. Өзбековтің және аудан әкімдігі өнеркәсіп және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Д. Наурызбаевтың есептерін тыңдап, талқыға салды.
Сонымен қатар мәжіліс тәртібіне шығарылған басқа да мәселелер бойынша тиісті  қаулылар қабылданды.

Өз тілшіміз.

Обновлено 11.11.2014 10:11
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін52
mod_vvisit_counterКеше1129
mod_vvisit_counterОсы аптада1181
mod_vvisit_counterӨткен аптада11794
mod_vvisit_counterОсы айда7693
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2259362

Серіктестер