Онлайн газет



Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Қоржыны тоқ қоңыр күзде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі қыза бастайды. Еліміздің түкпір-түкпірінде  өткерілетін осындай шаралардан қалалықтар өздеріне керекті  өнімдерін алып қарық болып жатады.  Соңғы жылдары дәстүрге айналған жәрмеңке  өткен сенбі күні ауданымыздың да орталық алаңында  жалғасын тапты.
Сауда сөресін майыстырған күз кереметтері алыстан көз жауын алды. Тіл үйірер жылқы, қой еттері,  көкөністің сан алуан түрлері, сүт өнімдері,  бал, тірі қой, жем-шөп не керектің бәрі бар.
Сағат 10-00-де басталған жәрмеңкені аудан әкімінің орынбасары Д.Сұлтанбеков бастаған бір топ азаматтар   аралап, көпшілікке ұсынылған өнімдердің бағасымен танысты.
18 ауылдық округтен  жеткізілген азық-түлік өнімдеріне деген сұраныс бірден артты. Сиыр, қой етінің бір келісі 850-900 теңге арасында саудаланды. Жұмыртқаның ондығы 200 теңгеден қойылыпты.Омарташылар да бал өнімдерінің бар түрін жайып салған. Алам деушілерге табиғи таза өнімді саудагерлер 1000 теңгеге ұсынды. Қызылша 60, ал қырыққабат болса 40 теңгеден өткізілді.
Бағаның өсуіне жол бермеуді мақсат еткен жәрмеңкеде  Бәйтерек ауылдық округінен әкелінген қап-қап картоп сүт пісірім уақытта сатылып кетті. Ынтымақ ауылдық округі тірі қой, жем-шөп өнімдерін тұтынушыларға ұсынса, Қостөбе ауылдық округіндегі “Молочный бидончик” ЖШС-нің сүт  өнімдерін,  яғни  айран, қаймақ, ірімшік, брынза,  арзан бағамен ұсынылды. Көкөніс, жеміс-жидектердің  түр-түрі  саудаға  түсті. 
Жалпы  айтқанда, жәрмеңке  ойдағыдай өтіп, аудан халқы біраз азық-түлігін қамдап алды.

Өз тілшіміз.

Обновлено 11.11.2014 10:01
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін645
mod_vvisit_counterКеше1583
mod_vvisit_counterОсы аптада645
mod_vvisit_counterӨткен аптада11794
mod_vvisit_counterОсы айда7157
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2258826

Серіктестер