Онлайн газет



Жүктелген міндет ауқымды

Тарихы тереңнен бастау алатын  Қазақстанның мемлекеттік статистика органдарына биыл  94 жыл толды. Статистика органы халық шаруашылығы салаларының есебін жүргізуші мекеме ретінде жалпы мемлекеттік экономикалық саясаттың жүргізілуі мен орындалуын қамтамасыз етеді және ол жүйелі түрде басшылық жасаудың аса маңызды құралдарының бірі болып саналады.
Елбасы Жарлығымен 8 қараша-Статистика күні болып белгіленді.Еліміз тәуелсіздігін  алысымен мемлекеттік статистика қызметі жаңа құрылымдық жүйеге өтіп, «Мемлекеттік статистика туралы» заң қабылданды. Аталмыш заң экономика мен мемлекетті басқарудың барлық деңгейде дұрыс стратегиялық шешімдер құру статистикалық ақпараттың сенімділігі мен нақтылығына жол салды.   Сондықтан, бұл күн тәуелсіз елімізде бірыңғай орталықтандырылған статистика органдарының құрылған күні болып саналады.
Облыстық статистика департаментінің бөлімшесі болып табылатын аудандық статистика басқармасы жоспарға сәйкес статистикалық жұмыстарды, мемлекеттік статистикалық бақылауларды жүргізіп, мемлекеттік органдарды статистикалық және талдау ақпаратымен қамтамасыз етіп келеді. Ілкімді де тәжірибелі   Дамир Нұрабаев басшылық ететін  аудандық статистика басқармасында Н.Боранбаева, Ә.Қарымсақова, Ү.Қашағанов, Ж.Ільясов, О.Шақшабаева, Н.Момбаев секілді  сайдың тасындай іріктелген  мамандар  қызмет етеді.  Олардың бәрі өздеріне қойылған міндеттерге сәйкес, мемлекеттік органдардың тапсырысы бойынша статистикалық мәліметтің жеткізілуін, өңделуін және жинақталуын қамтамасыз етіп, ауылдық елді мекендердегі кірісті бағалау бойынша жұмысты ұйымдастырудың нағыз майталмандары.
Қазіргі таңда аудандық статистика басқармасы алдында тұрған міндет ауқымды. Өңірдің әлеуметтік экономикалық дамуын статистикалық ақпаратпен қамтамасыз ететін басқарма басшысының сөзіне сүйенсек, ауданда тоғыз айдың қорытындысы бойынша халық саны  94755- ке жетіпті. Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлемі 1877289 мың теңге, құрылыс нақты  көлем 7869,3 млн. теңгені яғни 115,8 пайызды құраса, бала туу деңгейі 1000 адамға шаққанда 27,69 пайызды құрауда. Облыс деңгейінде бала туу көрсеткіші алдыңғы қатарда екен.
Статистикалық мәліметтерін жинақтау және өңдеу, статистикалық байқаулар мен басқа да арнайы зерттеулерді ұйымдастыруды жүргізе отырып, ресми статистикалық ақпаратты уақытылы дайындау арқылы респонденттерге ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыра отырып, жұмыс істейтін заңды тұлғалар арасында респонденттерді қамту деңгейін көтеру бағытында  жұмыс жасайтын басқарманың ұжымын төл мерекесімен құттықтап, ел игілігі жолындағы еңбектеріне табыс тілейміз.             Өз тілшіміз.

Обновлено 11.11.2014 09:58
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін94
mod_vvisit_counterКеше1129
mod_vvisit_counterОсы аптада1223
mod_vvisit_counterӨткен аптада11794
mod_vvisit_counterОсы айда7735
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2259404

Серіктестер