Онлайн газет



Кемел білім берілмей, келісті ұрпақ өспейді

С. Құсбекова,
“Үйренуші”шығармашылық тобының жетекшісі.

Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебінің директоры Г. Есентаева оқушылардың жан  дүниесін жақсы түсіне білуге, сыныптың ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруға бағыт-бағдар бере отыра, оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуге және бағалай білуге мүмкіндік туғызуға жұмыс жүргізуді басты мақсат етіп отыр. Жаңалыққа бет бұра отырып, сапалы білім беріп, алған білімдерін өмірде өз орнымен пайдалана алатын балаларды тәрбиелеуде көптеген іс-шаралар ұйымдастыруда. Қазіргі кезеңде мектебімізде білім беру жүйесінің ең басты мәселесі – түлектеріміздің білім сапасының деңгейін жоғары дәрежеге көтеру.Осыған орай, жүргізіліп жатқан жұмыстар, жаңа технологияларды   енгізудің басты мақсаты – ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын дүниетану мәдениеті зор тұлғаны тәрбиелеуге бағыт алған. Гүлмира Ауесбайқызы лекция, семинар сабақ, тренингтер, коучинг өткізіп  тұрады. Бұл іс-шаралардың негізгі мақсаты – егер мұғалім оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауы бар тұлға болуға көмек бергісі келсе, оның өзінің де дамыған сыни тұрғыдан ойлауы болып, жаңа идеяларды ашуға дайын болуы керек екендігін үйретеді.Себебі, әрқайсымыздың бойымызда мұғалімге тән белгілер бар, бұл қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту жақсы болып саналады. Сонымен қатар нәтижесі де нақты, сапалы болмақ деген мақсатпен өз тәжірибелерімізде тиімді пайдалана аламыз деген сеніммен биылғы 2014-2015 оқу жылына үлкен міндеттер қойып отырмыз.
«Әлем өзгерді, әлеммен бірге біз өзгереміз, мен де өзгеруге тиіспін!» дей отырып, деңгейлік курсын бітірген мұғалімдердің іс-тәжірибесімен алмасу арқылы, өздерінің сабақтарында жаңа технологияны меңгеру, игеру, қолдану барысында «Үйренуші» шығармашылық тобы құрылды.
«Үйренуші» тобының мүшелеріне Кембридж бағдарламасының 7 модулінің призмасы арқылы сабақта қалай, қандай жағдайда, не мақсатпен пайдалану керектігі бойынша лекция, семинар сабақ, тренинг, коучинг өткізіп тұрады.
«Үйренуші» шығармашылық тобын құра отырып, мектептегі еңбек тәжірибесі әртүрлі мұғалімдерді қатыстыру арқылы мұғалімдерге мектеп жүйесін жан-жақты  дамыту үшін қажетті дағдыларды беру болып табылады. Міне, осы білім мен  дағдыларды терең меңгере отырып, біз мектебімізге жаңашылдық алып келген мұғалімдермен бірлесе отырып, ұжымда ынтымақтастық орнатудамыз. Бағдарлама аясында жаңа идеямен қаруланып, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеріп, мектеп мұғалімдерінің көшбасшысы  болуға, мектептің дамыту жоспарына өзгеріс енгізе отырып, мұғалімдердің оқу жоспарын жаңаша жасауға көмекші-құрал рөлін атқару болып табылады. Мұғалімдерді оқушыларды қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі  дамыған, технологияларда құзырлылық танытатын оқушыны қалыптастыруға даярлауға көмектесеміз.
Бүгінгі күні педагогтың негізгі қызметтері -ұйымдастырушы, менеджер, бағыт-бағдар беруші, қолпаштаушы. Білімге негізделген қоғам әрбір тұлғадан өмір бойы оқып үйренуді талап етеді. Біз ұстаздар өмір бойы оқуды үйрене отырып, басқаларды да үйретеміз! Оқушыларды бірін –бірі оқытуға, түсіндіруге, үйретуге тиіспіз! Демек, оқушылар бір-біріне түсіндірген сайын өздерінің түсінігі де кеңейе береді.

Обновлено 11.11.2014 09:35
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін671
mod_vvisit_counterКеше1583
mod_vvisit_counterОсы аптада671
mod_vvisit_counterӨткен аптада11794
mod_vvisit_counterОсы айда7183
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2258852

Серіктестер