Онлайн газет



КҮЛКІ – КӨҢІЛ АЖАРЫ

М.Манекеев,
«Ауыл жаңалығы».

Жуырда көңілді саз бен әсем назын жеткізе білген жайдарманшылар аудан әкімінің кубогын сарапқа салып, байзақтық жұртшылықтың көңілдерін өз әзілдерімен жадырата білді. Аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар орталығы» мекемесі мен «Жайдарлы» Жастар КВН лигасы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Байзақ ауданы әкімінің жүлдесіне арналған жайдарман ойыны аудандық әль-Фараби атындағы мәдениет үйінде өтті.
Жайдарманшылар ойынына тоғыз команда қатысты. Олардың қатарында көрермендерге жақсы таныс Тараз  қаласынан келген «Болашақ», «Өрт сөндіруші», сарысулық «Сарысу» құрамасы, сонымен қатар, байзақтық «Байзақ жастары», «Сарыкемер», «Өнерлі жігіттер», «Арман достар», «Қызыл жұлдыз» және «Ботамойнақ» командалары болды. Жиналған өнерлі жастарды аудан әкімінің орынбасары С.Кенжебаев құттықтап, жайдарманшыларға сәттілік, ал көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй тіледі.
Жайдарманның жас достарының өнерлерін тамашалуға жиналған жастардың санында есеп болмады. Халықты әсем әзілі мен күлкінің дәруменін сыйлаған жас өнерпаздар өнерін таразылау қазылар алқасына жүктелді.
Аудан әкімінің орынбасары С.Кенжебаев, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы «Жас Отан» Жастар қанатының Атқарушы хатшысы Ә.Мырзабеков, «Панорама» ақпараттық орталығының жетекшісі Б.Мөрбеков, «Жайдарлы» Жастар КВН лигасы» бас редакторы Қ.Меклисов, «Жаңа бауырсақтар» КТК командасының капитаны Б.Үскімбаевтар әділ төрелік еткен ойында жайдарманшылар «Сәлемдесу» және «Бес жаңалық» сайысынан сынға түсті. 
Әзілсүйер әлеумет «Өнерлі жігіттер» (Қазақстанның 40-жылдығы орта мектебі), Тараз қаласынан «Болашақ» (Болашақ колледжі), «Өрт сөндіруші» (Тараз мамандандырылған колледжі), және «Сарысу құрамасы» командаларының өнерлерін сүйсіне тамашалады. Әрине, әр жайдарманшы топтың көрерменді күлкіге қарқ қылған өз әзілдері де болды.
Жас өнерпаздар аудан әкімінің жүлдесі тігілген ойынға үлкен дайындықпен келген. Қоғамдағы көкейтесті мәселелерді күлдіріп қана жеткізген құрамалар да кездесті. Әр ойынның ерекшелігі мен әсері болды.
Десек те, ойын қорытындысы бойынша намысты қолдан бермеген Қазақстанның 40-жылдығы орта мектебінің «Өнерлі жігіттер» құрамасы аудан әкімінің кубогын қоржындарына салды. Жүлделі екінші орын сарысулық «Сарысу құрамасы» командасына бұйырса, үшінші орынға №3 Байзақ колледжінің «Байзақ жастары» құрамасы қол жеткізді. «Үздік ойыншы» аталымына аймантөбелік «Арман достар» құрамасының ойыншысы Тұрсынбек Алтынбеков лайық деп танылды.

Обновлено 11.11.2014 09:33
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін614
mod_vvisit_counterКеше1583
mod_vvisit_counterОсы аптада614
mod_vvisit_counterӨткен аптада11794
mod_vvisit_counterОсы айда7126
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2258795

Серіктестер