Онлайн газет



ЕСЕП БЕРІЛІП, ЖАҢА ТӨРАҒА САЙЛАНДЫ

М.Манекеев,
«Ауыл жаңалығы».

Ағымдағы жылдың 15 қазанынан бастау алған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалына қарасты бастауыш партия ұйымдарының есеп беру-сайлау жиналыстары «Газ тарату», «Ақшолақ», «Шахан», «Құмжота», «Жаңатұрмыс», «Жетібай», «Жібек жолы», «Байзақ», «Дана», «Тегістік» және «Ақжар»бастауыш партия ұйымдарында бекітілген кестеге сәйкес өткізілді. Ал, кеше аптаның жұмасы күні «Достық-99» және «Жасұлан-Флора» бастауыш партия ұйымдары өздерінің екі жылда атқарған жұмыстары жөнінде есеп берді.
Аталмыш ұйымдар арасында «Ақжар» бастауыш партия ұйымында ұйымдастырылған есепті жиында күн тәртібінде төрт мәселе қаралды. Атап айтқанда, күн тәртібіне «Нұр Отан» партиясы «Ақжар» бастауыш партия ұйымы Бюросының 2012 жылдың қазаны мен 2014 жылдың қазаны аралығында «Нұр Отан» партиясы Қоғамдық бірлестігінің Жарғысы мен партияның бағдарламалық құжаттары мен съезд шешімдерін іске асыруда атқарған жұмыстары туралы есебі, бастауыш партия ұйымының бюро мүшелері мен төрағасын және оның орынбасарын тағайындау, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы Байзақ аудандық филиалының ХV есеп беру – сайлау конференциясына делегаттар сайлау мәселелері шығарылды.
Басқосуға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Нұржан Тлепов қатысты. Онда бастауыш партия ұйымы төрайымының уақытша міндетін атқарушы Айгерім Сұлтанбекова баяндама жасады. Күн тәртібіндегі өзекті мәселелер баяндама кеңінен сөз болып, аталмыш партияның жетістіктері айтылды.
Бастауыш партия ұйымының басты бағыты Елбасы партиямыздың Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы және Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам” атты бағдарламалық мақаласында айтылған ұсыныстарды жүзеге асыру екендігіне баса назар аударылды.
Жарыссөзге шығып сөйлеген партия мүшелері Б.Тұлымшақова, Г.Андабаева, Д.Мамбетовалар аумақтағы атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталды.
Өз кезегінде сөз алған ауданның Құрметті азаматы, партия мүшесі Т.Әшімов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі Н.Тлеповтер Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы ел дамуының жаңа көк жиегін айқындап бергенін, Жолдау жолдарында руханиятты көтеру, құрылысты дамыту, ауыл шаруашылығын өркендету, инфрақұрылымды серпілту, қысқаша айтқанда барлық салаға басымдық берілгенін, «Нұр Отан» - халықтың партиясы екенін, Елбасымыздың саясаты мен «Нұр Отан» партиясының атқарылып отырған жұмыстарға белсене араласып, жастардың мүше болуына үлкен ықпал жасап отырғанын, партиялық ұйымдастыру жұмыстарын жақсарту мақсатында «Нұр Отан» ХДП партиясы қоғамдық бірлестігінің Жарғысы мен бағдарламасын басшылыққа ала отырып, партия мүшелерімен ықпалды жұмыс жүргізу, партия ұйымының қатарын нығайтып, сапалық құрамын арттыру және партиялық тәртіпті күшейту жұмыстарын жүргізу осы отырған әрбіріміздің міндетіміз,-деген пікірлерін ортаға салды.
Баяндамашының жыл бойы атқарған жұмысы қанағаттандырарлық деп табылып, «Ақжар» бастауыш партия ұйымының төрағасы болып Ержан Абилдаев, оның орынбасарлығына Айгерім Сұлтанбекова бірауыздан сайланды. Сонымен қатар, бастауыш партия ұйымы мүшелерінің шешімімен Бюро мүшелері бекітілді.
Содан соң, аудандық партия филиалының ХV есеп беру-сайлау конференциясына екі делегат сайланып, шешім қабылданды.
«Нұр Отан» партиясы аудандық партия ұйымының ХV есеп беру-сайлау конференциясына 38 бастауыш партия ұйымынан 200 делегат сайланды.

Обновлено 10.11.2014 12:07
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін438
mod_vvisit_counterКеше1583
mod_vvisit_counterОсы аптада438
mod_vvisit_counterӨткен аптада11794
mod_vvisit_counterОсы айда6950
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2258619

Серіктестер