Онлайн газет



Өзекті мәселе сөз болды

Г. Әбдіқұлова,
“Ауыл жаңалығы”.

Қазіргі таңда    өсіп келе жатқан жасөспірімдерді әртүрлі ағымдардан сақтандыру,  діннің қоғамдағы  алатын орны, ислам дінінің құндылықтары туралы жан-жақты ақпарат беретін облыстық дін саласындағы ақпараттық-насихаттық топ  ауданымызда болды.  Аталмыш топ екіге бөлінді. Оның  бірі-Қызыл жұлдыз ауылдық округінің тұрғындарымен, Ғ. Мұратбаев атындағы  мектеп гимназияның,  Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебінің  жоғары сынып оқушыларымен және Қостөбе ауылдық  мешітінің жамағатымен кездесті.
Алқалы жиынды  аудан әкімдігі  ішкі саясат бөлімінің басшысы М. Махамбетов ашты. Бұдан соң сөзді алған  М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің  оқытушысы, филология ғылымының кандидаты С. Омаров “Діни фанатизм-діни экстремизмнің рухани негізі” атты тақырыпта баяндама жасады.
Баяндамашы  ХХІ ғасырдың басында дін адамзаттың ең өзекті мәселелерінің біріне айналып отырғанын,    ислам діні-адамзатты ізгілік пен имандылыққа тәрбиелейтіндігін, бүгінгі таңда  соқыр сенімнің жетегінде кеткен жастардың  тағдырына, діни фанатизмнің белгілері,   елімізде  заңмен тыйым салынған  Хизб-ут-тахрир”, “ Иегова куәгерлерінің» қоғамға, кісі тағдарына келтірер   залалын, сондай-ақ,  діни секталардың алға қойған негізгі мақсаттарына жан-жақты тоқталды.  Сондай-ақ, дінтану сабағының түпкі көздеген мақсатына тоқталған   баяндамашы  әр ғасырдағы ғалымдардың  дін жөніндегі ойларын алдыға тарта отырып,  Құран Кәрімнің  сүрелеріне, орта  ғасырларда өмір сүрген мұсылман ғалымдарының ғылымға қосқан үлестерін әңгімеледі. Сонымен қатар кездесу барысында азаматтардың Отан алдындағы борышы, жауапкершілік,  олардың патриоттық сезімдерін қалыптастыру, өзара сыйластыққа тәрбиелеу,  жалпы жастар бойында   адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың маңызды екендігі  сөз болды.
-Қазақ халқының мәдени құндылықтары, сан ғасырлардан бері сақталып келе жатқан этнографиялық мұрасының негізі-дәстүрлі дініміз Исламда болған. Елімізде бір шаңырақ астында, бір атаның баласындай, тату өмір сүріп келе жатқан 100-ден астам ұлт өкілдері үшін  татулық пен  бірліктен қымбат ешнәрсе жоқ.  Дәстүрлі Ислам дінінің Әбу Ханифа мәзһабын ұстанатын халқымыз өркениет пен  дамудың даңғыл жолына түсті.Сондықтан асыл дінді, яғни ислам құндылықтарын қастерлеудің бүгінгі таңда маңызы зор,-деп түйіндеді сөзін  Сакен Әлмахамбетұлы.
Алқалы жиын соңында  М. Махамбетов экстремизм, терроризм және сепаратизмдік идеялардың таралуына қарсы әрекет және оның алдын-алу қазіргі таңда басты мақсат болып отырғанын, әсіресе жастардың терроризм мен экстремизмнен аулақ ұстану керектігі баса айтылды.
*                 *                *
Осы топтың екінші құрамы Бурыл ауылдық округінде, Сарыкемер орта мектебінде және  орталық ауруханада болды.
№3 Байзақ  кәсіптік лицейде өткен   жүздесуде  облыстық “Һибаттулла Тарази” мешітінің наиб имамы  Ержан Аманбаев  ислам  дінінің құндылықтарын алдыға тарта отырып,  жастар арасында  кездесетін қылмыс,  суицидтің  отбасына, қоғамға келтіріп отырған  залалын әңгімеледі. Кез келген істе ақыл мен сабырға жүгіну қажеттігін,  тәуелсіз елімізде жастардың  толық білім алуына барынша жағдай жасалып отырғандықтан  бүгінгі ұрпақ елін, жеріне адал қызмет етудің  маңызын сөз ете келе:
- Бүгінгі өзгермелі әлемге бейімді жас ұрпақты тәрбиелеудегі басты ұстаным-ұлттық мүдде, ұлттық намыс, ұлттық тіл, ұлттық дәстүр, ұлттық рух секілді қасиетті ұғымдардан жан-жақты хабары бар, оларды бағалай алатын тәрбиелі ұрпақ тұлғасын қалыптастыру болып табылады. Ал   патриоттық сезім-ұлттық рух деңгейінің айнасы. Сол себепті Елбасы өзінің халыққа Жолдауында азаматтардың отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуды ұлттық қауіпсіздікті сақтаудың негізгі элементтерінің бірі ретінде қарастырады.Қай заманда болса да адамзат өз алдына есті, еңбексүйгіш, қайырымды бала тәрбиелеуді мақсат етіп қояды. Соның ішінде қазақ халқы  да өз ұрпағының үлкенді сыйлап, құрметтейтін адал, инабатты, әділ, ержүрек, намысшыл, ізгі ниетті болып өсуін қалайды. Бұл қасиеттер дұрыс тәрбие арқылы қалыптасады.  “Сен жанбасаң лапылдап, Мен жанбасам лапылдап, Біз жанбасақ лапылдап, Аспан қалай ашылмақ!“дегендей, ХХІ ғасыр білімді, білікті, бәсекеге қабілетті жастардікі”  болғандықтан,  әрбір жас “мен еліме, Отаныма не бере аламын” деп ойлау қажет екендігін жеткізді.
Кездесуде діннің жастар өміріндегі рөлінің маңыздылығы, дін мен салт-дәстүр арасындағы өзара байланысы, экстремизм мен терроризм туралы түсінік, дәстүрлі және дәстүрлі емес діни ағымдар  әңгіме арқауына айналды.
“ Жаратушы Иеміздің 99 көркем есімін жаттау міндет пе? , “Жұмақ жерде ме, көкте ме?”, “Діни ағымдар қауіпті ме?”,  “Қандай секталарға тыйым салынды?”, “Иман деген не?” хиджап, сақал қою, намаз т.б. мәселелер төңірегінде сұрақтарға Ержан  Маханұлы  тиянақты жауап берді.
Дәл осы күні аталмыш топ аудан орталығындағы “Байзақ баба” мешітінде болып, жамағатпен жүздесіп, ислам діні, тіл, дін, жер, ғылым, білім және  жат ағымдардың   іс-әрекеті төңірегінде әңгіме  өрбітті.  Жамағат атынан сөз алған ардагер Ж.Айтбаев мұндай тағылымы мол кездесудің берері мол екендігін айтып, келген топ басшыларына алғысын білдірді.

Обновлено 10.11.2014 11:53
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін424
mod_vvisit_counterКеше1583
mod_vvisit_counterОсы аптада424
mod_vvisit_counterӨткен аптада11794
mod_vvisit_counterОсы айда6936
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2258605

Серіктестер