Онлайн газет



Халықты жұмыспен қамту - басты міндет

Ж. Айтқұлов,
аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары.

Елбасының «Қазақстан - 2050» Стратегиясы» атты Жолдауында жұмыссыздарға әлеуметтік қолдау көрсету бағытының аясында жұмыссыздарды оқыту және қайта даярлау бағдарламасын әзірлеу маңызды шара ретінде айқындалған. 2014 жылдың 1-ші   қаңтарына есепте тұрған  жұмыссыздар саны – 119 адам. Жыл  басынан жұмыс іздеуші ретінде уәкілетті органға  – 824  адам тіркелінді. Оның ішіндегі 88  адам «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының бірінші және екінші бағыттарына қатысушылар ретінде тіркелінді.  736 адамның 579–і жұмыспен қамтылып, жұмыспен қамту үлесі  78,6 пайызды құрады. Аудан мекемелерінде ашылған жаңа және бос жұмыс орындарына 419 адам, Жастар практикасына 104 адам, әлеуметтік жұмыс орнына 56 адам жұмысқа орналастырылды. Аумақтық даму бағдарламасы бойынша 2014 жылға  жоспарланған 92 жаңа жұмыс орындарының орындалуы  60,8  пайызды құрап, 56 жаңа жұмыс орындары  ашылды. Негізінен бұл жұмыс орындары  білім  беру, денсаулық сақтау  саласында 40 орын,  экономиканың басқа салаларында 16 орын ашылған.
Қоғамдық жұмысқа 210 адамды қамту жоспарланса, 234  адам қамтылды. Жоспар 111,4 пайызға орындалды. Сонымен қатар, аудан бойынша  4425  жұмыссыз  адамдар   маусымдық  жұмыстарға тартылды.
Жұмыспен қамту  шараларына жергілікті бюджеттен ағымдағы жылға  бөлінген 60101,0 мың теңгенің 9 айдағы жоспары 37035,0 мың теңге болса, 9 айдағы орындалуы  37035,0 мың теңге болып,   100 пайызға игерілді. Атап айтқанда, Жастар практикасына бюджеттен бөлінген 16685,0 мың теңгенің 9 айдағы жоспары 8786,0 мың теңге. 100 пайызға игерілді. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға бюджеттен бөлінген 38880,0 мың теңгенің 9 айлық жоспары 25847,0 мың теңге, игерілгені 25847,0 мың теңге. Әлеуметтік жұмыс орнына бюджеттен бөлінген 4200,0 мың теңгенің 9 айлық жоспар 2402,0 мың теңге болып,  100 пайызға игерілді.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін329
mod_vvisit_counterКеше1583
mod_vvisit_counterОсы аптада329
mod_vvisit_counterӨткен аптада11794
mod_vvisit_counterОсы айда6841
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2258510

Серіктестер