Онлайн газет



ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

М.Манекеев,
“Ауыл жаңалығы”.

Қазан айының соңғы жексенбісі Елбасының Жарлығына сәйкес, әлеуметтік сала қызметкерлерінің  мерекесі күні болып бекітілген.
Аталған жүйе  қызметкерлері еліміз тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап, халыққа қалтқысыз қызмет етіп келеді.
Азаматтарға қамқор құрылымның қызметі қашанда  сұранысқа ие. Өйткені, олар мемлекет қамқорына зәру зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі балаларға, әлеуеті төмен, көп балалы отбасы және мүгедек жандарға жанашырлық танытып, дер кезінде көмек беруге барынша күш жұмсап отыр.
Өткен сенбіде аудан басшысы Мұратхан Шүкеев әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне орай, бір топ сала қызметкерлерін қабылдады.
Қабылдауға келген әлеуметтік сала қызметкерлерін елімізде үшінші жыл қатарынан кең көлемде аталып өтіліп отырған төл мерекесімен  құттықтаған Мұратхан Жүнісәліұлы - Аудан бойынша үйде арнаулы әлеуметтік құрылымдық бөлімшесінің 25 қызметкері 129 адамға стандартқа сәйкес сегіз түрлі қызмет түрімен өз көмектерін ұсынуда. Кең жүректі, қайырымды, әрдайым мұқтаж жандардың бабын таба білетін абыройлы қызмет иелеріне қызметте толағай табыстар, жанұяда бақыт, береке-бірлік пен молшылық тілеймін, – деген аудан әкімі осы саланың ауыр жүгін қиынсынбай, жылдар бойы жемісті еңбек етіп келе жатқан сала мамандарын Құрмет грамотасы және Алғыс хаттармен марапаттады.  Сый-сияпат ұсынылып, құшақтары гүлге, көңілдері қуанышқа толған сала қызметкерлері  атынан аудан әкімдігі жұмыспен қамту  орталығының  басшысы Арғынбай Сқақов сөз алып, еселі еңбектің қашан да қайтарымы болатынын айта келе, еңбектерін елеп бағалай отырған аудан басшысына сала қызметкерлері атынан алғысын білдірді.
Салтанатты қабылдау рәсімінде аудан әкімінің орынбасары С.Кенжебаев, аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Ақбаев, бас инспектор С.Иманова, жергілікті БАҚ өкілдері қатынасып отырды.

Обновлено 10.11.2014 11:24
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін255
mod_vvisit_counterКеше1583
mod_vvisit_counterОсы аптада255
mod_vvisit_counterӨткен аптада11794
mod_vvisit_counterОсы айда6767
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2258436

Серіктестер