Онлайн газет



АТҚАРЫЛҒАН ІСТЕР АЗ ЕМЕС... -дейді «Сарыкемер» бастауыш партия ұйымының мүшелері

М.Шалғынбай,
“Ауыл жаңалығы”.

Бекітілген кестеге сәйкес, аптаның сейсенбісі күні кезекті есеп беру – сайлау жиналысы «Сарыкемер» бастауыш партия ұйымында өткізілді.
Аталмыш жиынға «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі М.Төлепберген, партия аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі Н.Үкібаев, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Тлепов және бастауыш партия ұйымының мүшелері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
«Сарыкемер» бастауыш партия ұйымының төрайымы Г.Қошқарбаева ашып, жүргізген жиында төрт мәселе қаралды. Атап айтқанда, «Нұр Отан» партиясы «Сарыкемер» бастауыш партия ұйымының 2012 жылдың қазаны мен 2014 жылдың қазаны аралығында «Нұр Отан» партиясы Қоғамдық бірлестігінің Жарғысын, партияның бағдарламалық құжаттары мен съезд шешімдерін іске асыруда атқарған жұмыстары туралы есебі, бастауыш партия ұйымының бюро мүшелері мен төрайымын сайлау, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы Байзақ аудандық филиалының ХV есеп беру – сайлау конференциясына делегаттар сайлау мәселелері қаралды.
Еліміздің әнұранымен ашылған жиында күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Сарыкемер» бастауыш партия ұйымының төрайымы Гүлбахира Қошқарбаева баяндама жасады. Ол өз баяндамасында бастауыш партия ұйымының екі жылда атқарған жұмыстары туралы жан-жақты есеп берді. «Нұр Отан» партиясының ықпалымен мұнда да ауқымды істер атқарылып, бекітілген жылдық іс-шара жоспарына сәйкес, түрлі деңгейдегі атап айтқанда, Елбасы Жолдауын насихаттау, партия күніне байланысты ашық есік күнін өткізу, мерекелік іс-шаралар, дөңгелек үстелдер, басқосулар, партияның саяси-идеологиялық жұмысын жандандыру, нақты жүзеге асыру барысындағы істер ұйымдастырылған.
Бұдан өзге баяндамашы өз сөзінде Елбасы, партия Төрағасы Н.Назарбаевтың Жолдауын басшылыққа ала отырып атқарылған жұмыстар, бастауыш партия ұйымының қол жеткізген жетістіктері мен болашақтағы мақсаттары туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, сонымен бірге қазіргі таңдағы ең көкейкесті деген мәселелер төңірегінде ой қозғады.
Баяндама аяқталысымен партия мүшелері Г.Есентаева, А.Қырықбаева, Ғ.Рахметильдаевалар жарыссөзге шығып, Г.Қошқарбаеваның жасаған баяндамасын талқыға салды. Баяндама бойынша атқарылған ауқымды оң істерге қанағаттанарлық деген баға берді.
Жиын барысында сөз алған облыстық партия филиалы Саяси кеңесінің мүшесі М.Төлепберген «Нұр Отан» партиясы еліміздің ішкі және сыртқы саясатының орнықты болуына, Қазақстанның әлем елдері қауымдастығы арасындағы беделін қалыптастыруға үлкен ықпал етіп отырғанын, еліміздің ғасырға пара-пар қысқа уақытта әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуына және өсіп-өркендеуіне партия мүшелерінің қосқан үлесі сүбелі екендігін жеткізді. Сондай-ақ жиынға қатысушы партия мүшелерінің басым бөлігі ұстаздар болуына орай, ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсарту бағытында сөз сөйледі.
Күн тәртібіндегі басқа да мәселелер бойынша ұсыныстар айтылып, шешім қабылданды. Бастауыш партия ұйымының бюро мүшелігіне жеті адам бекітіліп, аудандық филиалдың ХV есеп беру – сайлау конференциясына он адам делегат болып сайланды. Сонымен қатар, жиын барысында оған қатысушылар «Сарыкемер» бастауыш партия ұйымының төрайымы Г.Қошқарбаеваны бірауыздан қайта сайлады.

Обновлено 10.11.2014 11:22
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін503
mod_vvisit_counterКеше1583
mod_vvisit_counterОсы аптада503
mod_vvisit_counterӨткен аптада11794
mod_vvisit_counterОсы айда7015
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2258684

Серіктестер