Онлайн газет



Комиссия отырысы өтті

Өткен аптада  аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның  кезекті отырысы өтті.
Аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы  С.Кенжебаевтың  төрағалығымен өткен жиында  “Байзақ ауданы әкімдігі білім бөлімімен жүргізілген кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу” жұмыстары бойынша   осы бөлімнің әдіскері И. Спаналиева мен Байзақ аудандық ішкі істер бөлімінің ювеналдық полиция тобының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары жөнінде  полиция капитаны Қ. Асабаевтың баяндамасы тыңдалды.Қос баяндамашы кәмелетке толмағандар арасындағы  құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталды, алдағы қолға алынатын істерді сөз етті.
Отырыста комиссия төрағасы С. Кенжебаев сөз сөйлеп, мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді  ұйымдастыру, алдағы уақытта кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысында  жаңа әдістер  қолдану, жасөспірімдермен жұмысты жандандыра түсу және  ортақ мәселелерді бірлесіп шешу  қажеттігін  баса айтты.

Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін485
mod_vvisit_counterКеше1583
mod_vvisit_counterОсы аптада485
mod_vvisit_counterӨткен аптада11794
mod_vvisit_counterОсы айда6997
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2258666

Серіктестер