Онлайн газет



Жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу-уақыт талабы

Ж. Поштаева,
Ленин атындағы орта  мектептің  мұғалімі.

Ата-бабаларымыз жас өренді елін, жерін сүюге үндеп, ұлттық салт-дәстүрмен сусындатуды мұрат тұтқан.Елбасымыз  Н.Назарбаевтың «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде білім алған түлектермен кездесу барысында «.. патриот – ол Қазақстанды шын сүйетін, ұлттық құндылықтарды қастерлейтін, бойында адалдық, ар-намыс, ізгілік қасиеттері бар, халқының дәстүрі мен Отанына деген сүйіспеншілігі мол адам» деген болатын.Шындығында да    өскелең ұрпақ бойында патриотизмді қалыптастыру – бұл мемлекеттік міндет, ол  міндетті түрде тұлғаның жоғары әлеуметтік белсенділігін көздейді. Өйткені, оның өзі еңбекте табыстарға жету үшін, қоғам өркендеп, талап күшейіп, талғам артып халыққа қызмет етуде үлкен бір серпіліс беретін алып күш.
Қазақстандық патриотизм – бүкіл қазақстандықтарды кемел болашағына сендіру, оларды жасампаз еңбекке шақыру, береке-бірлікті, баянды ынтымақты орнықтыру болып табылады. Тәуелсіз еліміздің  23 жылында  шыққан биіктері, қайта оралған құндылықтар, өлмес-өшпес мұра, тапқан табыстар  жастар жүрегіне қуаныш пен мақтаныш келер күнге деген сенімді ұялатып келеді.  «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз.Қазақстандықтардың отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен бастап жоғары оқу орындарына дейінгі барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу – мұғалімнің аса маңызды әрі жауапты парызы» – деген еді Елбасымыз.
Көп ұлтты  еліміз бен  Елтаңбамызды, Әнұранымызды, Туымызды  қастерлеп, Қарулы Күштерге деген құрметті қалыптастыру, жерлестеріміз  Кеңестер Одағының Батыры Ақәділ Суханбаев,  «Халық қаһарманы»  Ғазиз Байтасовтардың  өшпес ерліктерін ұлықтаған шаралар мектебімізде жиі өтіп тұрады. Әсіресе  туған өлкеміздің тарихы, өңіріміздің мәртебесін еңбекпен өрнектеген еңбек адамдары, олардың өнегелі өмірлері, соғыс ардагерлері туралы тақырыптық  шаралар-өсіп келе жатқан жастарға берері мол шаралар деп ойлаймыз.
“Отан-оттан да ыстық” деген екен Бауыржан атамыз.Ел келешегі саналатын өскелең ұрпақ бойында туған жерге, Отанына, еліне, халқына деген терең сүйіспеншілікті тәрбиелеу- ұстаздардың басты міндеті болып қала беретін болады.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін331
mod_vvisit_counterКеше1583
mod_vvisit_counterОсы аптада331
mod_vvisit_counterӨткен аптада11794
mod_vvisit_counterОсы айда6843
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2258512

Серіктестер