Онлайн газет



Еңбек бәрін жеңбек

Қ. Халықов,
Кеңес ауылы.

Елбасымыздың үстіміздегі жылғы “Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” атты Жолдауында барлық салаға, соның ішінде  ауыл шаруашылығын өркендетуге айрықша  мән берілген. Сонымен қатар «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты маңызды еңбегінде Елбасымыздың: «… әлемдік өркениеттің  барлық құндылықтары, барлық экономикалық және мәдени байлықтар адамның еңбегімен жасалады», – деуі ел, халқын адал еңбек етіп, тиімді жұмыс жасауға шақырады. 
“Еңбек  етсең емерсің”, “Еңбек еткен даңқ пен құрметке бөленеді” дейді атам қазақ. Шындығында да  еңбекпен  есейіп,  есімдерін тарих бетіне жазған   21  Еңбек Ері, атақты стахановшылардың өмірін кейінгі ұрпақ өнеге тұтады.
Ауданымыз  негізінен мал және егін шаруашылығымен айналысады. Қазіргі таңда  егін салып, мал өсіргендер қатары күн санап өсіп келеді. Мәселен  “Сыбаға”, “Агробизнес-2020”  бағдарламалары аясында   асыл тұқымды мал басын өсіріп,  шаруасын  дөңгелетіп отырған шаруа қожалықтары,  бақша өнімдерін өсірушілер  де аз емес. Мәселен “Манат”, “ Талап”  шаруа қожалықтарының  жылыжайларында өсіріліп жатқан көкөністерге бүгінде сұраныс артып келеді. Ең бастысы ауыл шаруашылығы саласында жұмыс жасап жатқандар  Елбасы Жолдауындағы басым бағыттарды іске асыра отырып,   еліміздің гүлденуіне  өзіндік үлес қоса береді деп сенемін.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін202
mod_vvisit_counterКеше1129
mod_vvisit_counterОсы аптада1331
mod_vvisit_counterӨткен аптада11794
mod_vvisit_counterОсы айда7843
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2259512

Серіктестер