Онлайн газет



Сот жүйесін ұтымды реформалау-әділ сот төрелігінің нышаны

Д. Тасыбаев,
аудандық соттың төрағасы.

Соттың міндеті азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандығын және заңды мүдделерін корғау, заңдардың, басқа да нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттардың орындалуын камтамасыз ету және әділ шешім шығару болып табылады. Қазақстан Республикасындағы сот беделі асқақ, мерейі үстем мемлекеттік жоғары орган болуы заңдылық болып табылады.
Сот беделі - сот шешімдердің әділдігіне, судьялардың біліктілігіне, судьяның ұстанған ұстанымы мен жеке басының қасиетіне байланысты. 1996 жылдың желтоқсанында өткен судьялардың І-съезінде Республика судьялар одағының іргетасы қаланған болатын. Содан бері тарих үшін сот жүйесінде сан бедерлі қатпарлармен, айшықты да айқын бағыттарын белгілеген ұлан-ғайыр өзгерістер өмірге келді. Бұл жылдар тынымсыз ізденістер, сот жүйесін реформалаудағы батыл бетбұрыстар, жаңа талапқа сай әділ сотты калыптастыру жылдары болды.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасы судьяларының IV съезінде сөйлеген сөзінде: «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ” деген қағида бар. Мұның мағынасы - билік айтушы ешкімді алаламайтын адал, қара қылды қақ жарған әділ болу керек екенін сіздер жақсы білесіздер. Бұл ұлттық сот жүйесін тек әділдікке негізделіп, заңға ғана бағынатын заман талаптарына сай қалыптастыруымыз қажет. Құқық жоқ жерде бостандық та жоқ, демократия да жоқ» - деген болатын.
2009 жылдың 18 қараша күні Астана қаласында Қазақстан Республикасы Судьяларының V съезі өтті. Съезге республиканың барлық аймағындағы судьялар ұжымдарынан 640 делегат  қатысып, республикадағы сот реформасының нәтижесі, сот жүйесін одан ары жетілдірудің жаңа басым міндеттері және оларды жүзеге асырудағы судьялардың қоғамдық бірлестігінің рөлі талқыланып, белгіленді. Сот жүйесін одан ары дамытудың негізгі бағыттары 2010-2020 жылдарға арналған құқықтық саясат Тұжырымдасынан бастау алған.
Мемлекет басшысының Судьялардың V съезінде қойған басым міндеттерін іске асыру шынайы құқықтық мемлекетті дамытудың анықтаушы факторы ретінде сот жүйесінің тиімді қызметін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Сот жүйесін реформалау жөніндегі негізгі шаралар тұтас алғанда іске асырылған. Жоғарғы Сот басшылығымен бірыңғай сот жүйесі одан әрі нығайды, соттар кызметінің заңнамалық базасы тұрақты негізде жетілдірілді. Жамбыл облысында мамандандырылған ауданаралық экономикалық, әкімшілік, қылмыстық және кәмелетке толмағандардың істері бойынша соттар құрылып, қызмет етуде. Алқабилердің қатысуымен өтетін сот ісін жүргізу кылмыстық істер жөніндегі сот төрелігін жүзеге асыру процесіне қалың жұртшылықтың катысуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Қамау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беруді соттардың қолдануы жөнінде белгілі практика қалыптасқан.
Міне осының бәрі  соттың ашықтығы мен мөлдірлігін көрсетіп отыр.

Обновлено 10.11.2014 11:18
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін156
mod_vvisit_counterКеше1129
mod_vvisit_counterОсы аптада1285
mod_vvisit_counterӨткен аптада11794
mod_vvisit_counterОсы айда7797
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2259466

Серіктестер