Онлайн газет



Айтулы күн аталып өтілді

«Айшылық алыс жерлерден» хабар жеткізіп, ел мен елді, жер мен жерді байланыстырып отырған аудандық пошта байланыс  торабында  дүйсенбі күні  «Жазылушы күні» өтті. Дәстүрге айналған бұл шараға  аудандық басылым өкілдері,  оқырмандар және пошта қызметкерлері  қатысты.

Жиынды аудандық пошта байланыс  торабының  бастығы М. Нурумбетова ашты. Меруерт Жаншақызы жиналғандарды  айтулы күнмен  құттықтап, алда тұрған міндеттерге тоқталды.  Қазақстан поштасына биыл 21 жыл толғандығын, аталмыш саланың ауыр да жауапты қызметіне маңыз беріп, осы жүйеде еңбек етіп жүрген жандарға алғыс айтты.
Қазіргі таңда  пошта арқылы коммуналдық төлемдерді өтеу, зейнетақы тарату, жәрдемақыларды беру, бағалы сәлемдемелер мен хаттар, ақша аударымдары, банк төлемдері, несие, аманаттар, хат алмасу, газет-журналдарға жазылуға болатындығын, ағымдағы жылдың 1  қазанынан бастап   2015 жылдың бірінші жартыжылдығына басылымдарға жазылу науқанын  ұйымшылдықпен өткеру  қажеттігін ескерген ұжым басшысы, сондай-ақ көптен бері әңгіме арқауы болып жүрген  пошта тасымалы,  хат тасушылар жалақысы сияқты өзекті мәселелерге тоқталды.   Сонымен қатар,  ол  2014 жылдың 6 қарашасынан “Халықтық IPO” бағдарламасының 2-кезеңі басталатындығын,  Қазақстанның  электр қуатын таратушы озық  компаниясы “КEGOC” АҚ-ның құнды қағаздарын сатып алуға болатындығы  жөнінде мағлұмат берді. Бұдан соң сөз алған  аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің   есепшісі С. Әйтенова газет-журналдарға жазылу барысы жөнінде қысқаша ақпарат берді. Өмірінің 30 жылын пошта саласына арнаған ардагер К. Абдралиева, Ж. Зейтилдаева, Қ. Қазбақовалар оқырмандар санын көбейтуге орай өздерінің  жинаған тәжірибелерімен бөлісті.  Аудандық “Ауыл жаңалығы” -“Сельская новь” газеті редакторының орынбасары Г. Ермұратова, осы мекеменің бас  есепшісі А. Жатқанбаева  пошта байланыс торабы мен басылымдардың байланысы хақында  әңгімеледі. Аудандық пошта  байланыс торабы бастығы орынбасарының міндетін атқарушы, баспасөз нұсқаушысы Қ. Тлеуқұлова, Көктал пошта бөлімшесінің бастығы А. Абиева, Түймекент пошта бөлімшесінің бастығы Қ.Мамырбаева, Қызыл жұлдыз ауылының  пошта тасушысы Б.Отарбаева көтеріліп отырған мәселе жайында өздерінің ойларын ортаға салды.
“Жазылушы күні” аясында аудандық пошта  байланыс торабы бастығы Меруерт Жаншақызы аудандық  басылым өкілдеріне, ардагерлерге сый-сияпатын табыстады.
Орталық операциялық учаскесінің залында газет-журналдар көрмесі ұйымдастырылды. Бұл күні оқырмандар өздерінің сүйікті басылымдарына   жазылып жатты.

Өз тілшіміз.

Обновлено 10.11.2014 11:17
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін953
mod_vvisit_counterКеше1129
mod_vvisit_counterОсы аптада953
mod_vvisit_counterӨткен аптада11734
mod_vvisit_counterОсы айда8594
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2260263

Серіктестер