Онлайн газет



Мемлекеттік қызмет - мерейлі міндет

Ж.Асанқұлова,
Байзақ ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімшесінің басшысы.

Әлемдегі барлық мемлекеттердің даму жолында мемлекеттік қызметтің қосар үлес салмағы ерекше. Республикамыз тәуелсіздік алған  жылдар аралығында Президентіміз Н.Назарбаевтың бастамасымен  мемлекетті қалыптастыру бағытында ауқымды істер атқарылды.
Елбасымыз «Қазақстан 2050» Стратегиясы»  атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттілікті одан әрі нығайту халыққа және мемлекетке қызмет етуді барлығынан жоғары қоятын кәсіпқой мемлекеттік аппарат қалыптастыру міндеті тұрғанын атап өтті. Осыған сәйкес, мемлекеттік қызмет саласындағы реформалар жүзеге асып, мемлекеттік қызметтің жаңа үлгісі әзірленді.
Қоғам мемлекеттiк қызметшiге өзiнiң барлық күш-жiгерiн, бiлiмi мен тәжiрибесiн атқаратын кәсiби қызметiне жұмсайды және өзiнiң Отаны - Қазақстан Республикасына адал да қалтқысыз қызмет етедi деп, сенiм бiлдiредi. Сондықтан, оған деген үлкен жауапкершілікті әрбір мемлекеттік қызметші сезіне білу керек.
Мемлекеттiк қызметшiлер – Қазақстан Республикасы Президентiнiң саясатын қолдауға, өзiнiң iс-әрекетiмен мемлекеттiк билiктiң беделiн нығайтуға, Қазақстан Республикасы Конституциясын басшылыққа алуға, қоғам мен мемлекеттiң игiлiгiне қызмет етуге, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге, өтiнiштер бойынша белгiленген мерзiмде қажеттi шаралар қолдануға, адал, әдiл, қарапайым да сыпайы болуға, Қазақстан халқының бiрлiгi мен елдегi ұлтаралық келiсiмдi нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттiк тiлге және басқа тiлдерге, Қазақстан халқының салттары мен дәстүрлерiне құрметпен қарауға міндетті.
Мемлекеттік қызметкер болу – зор құрмет, сондықтан да кәсібилікпен бірге жоғарғы адамгершілік қасиеттерге ие болған абзал. Мемлекеттік қызметкер болуға үміткер адамдар халық алдында жауапкершілікті сезіне білуі үшін мемлекеттік қызметтің беделін көтеру керек. Мемлекеттік қызметшінің имиджін қалыптастыру идеологиялық, саяси және мәдени аспектілерді көздейтіні хақ. Сондықтан, мемлекеттік қызметшінің имиджін көтеру — күрделі және ұзақ процесс. Мемлекеттік қызметшінің имиджін көтеру үрдісі атқарушы биліктің имидждік саясатымен пара-пар.
Мемлекеттік қызметшінің оң имиджіне қойылатын негізгі қағидалар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген “Ар-намыс” кодексінде «Мемлекеттiк қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенiм бiлдiру болып табылады және мемлекеттiк қызметшiлердiң адамгершiлiгiне және моральдық-этикалық бейнесiне жоғары талаптар қояды» деп айқындалған.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» заңды басшылыққа ұстана қызмет ету тек қана абырой биігіне қол жеткізерін тілге тиек етсек артық емес. Сондықтанда әр қызметкер мейлі ол дәрігер ұстаз немесе мемлекеттік басқару  қызметінде өз ісіне жауапты болғаны абзал.
Бүкіл әлемде мемлекеттік секторға ұдайы көңіл аударылады, ол қоғам өмірінің назарында. Бірақ, шешуші тұлғалардың бірі - мемлекеттік қызметші - қоғам алдында кәсібилігі төмен, сөзбұйдашыл, сыбайлас жемқорлық сияқты жағымсыз келбетте көрінетін болса, басқару құрылымын нығайту, жетілдіру, мемлекеттік қызмет саласындағы реформалар табысты болмайды. Елбасы Н.Назарбаев: «мемлекеттік қызметші - жоғары моральды жауапкершілік, кәсіби білімін тәжірибеде қолдана алу, адалдық, таза ниеттілік, белсенді өмірлік ұстаным сияқты негізгі қасиеттерге ие болуы шарт. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтегі әр адам өз жұмысының маңыздылығын сезіне отырып өз елінің патриоты болуы тиіс” деп атап өткен.




 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін292
mod_vvisit_counterКеше1129
mod_vvisit_counterОсы аптада292
mod_vvisit_counterӨткен аптада11734
mod_vvisit_counterОсы айда7933
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2259602

Серіктестер