Онлайн газет



Мұғалімнің кәсіби дамуы-білім беру жүйесін жаңартудың негізі

«Болашақта өркениетті дамыған елдердің   қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған   50 елдің қатарына жеткізетін, терезесі   тең ететін – білім»

ҚР Президенті   Н.Ә.Назарбаев.


А. Есжанова,
С. Абланов атындағы орта мектептің директоры.

ХХІ ғасыр-бәсекелестік ғасыры. Басқа елдермен тереземіз тең болу үшін біз, ең алдымен, білім саласын бәсекеге қабілетті деңгейге жеткізуіміз қажет. Өйткені  білім беру жүйесі дамыса, экономика да өрлемек. Елбасымыз дамыған 30 елдің қатарынан көрінуіміз үшін «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” атты   Жолдауында басым бағыттарды нақтылап берді. Қазақстанның болашағы-білімді жастардың қолында. Сондықтан да, білім саласында еңбек етіп жүрген ұстаздар қауымына бүгінгі таңда үлкен талап  қойылып отыр.
Назарбаев  Зияткерлік мектептері мен Кембридж   университетімен бірлескен  бағдарламасы негізінде педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстары бүгінгі таңда Қазақстанның барлық аймақтарында жүйелі жұмыс жасап келеді. Бұл курстардың мақсаты –оқу үрдісіне әлемдік озық тәжірибелерді енгізе отырып, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру, олардың әлуметтік жағдайын көтеру болып табылады. Осы бағдарлама аясында қоғамда туып жатқан екі ұшты пікірлер де баршылық. Қоғамдағы дәстүрлі білімді қолдаушылар «Еуропа мәдениеті бізге жат, біздің менталитетімізге келмейді, балаларды тым еркінсітіп жібереді» деген ойларын білдіреді. Десек те жаңа бағдарламаның бізге берері көп болып шықты. Екінші, үшінші деңгейлік курстан өткен мұғалімдермен пікірлескенде, олардың  бағдарлама жайлы ойлары, көзқарастары маған үлкен ой салды. Олардың сөзінен  кәсіби құзыреттілігінің жоғарылағанын, жаңалыққа толы  идеяларын көре алсам, ал «коучинг-сессия» барысында мен өзімнің де ұстанымымды өзертуім керектігін ұқтым. Мұғалімдердің сабақтарына қатыса отырып, оқушылардың оқу барысында ынтымақтаса игеретін түрлі қасиеттерді меңгеруге болатындығы анық байқалды. Мұғалім балаларға еркіндік бере отырып, оларға өз мүмкіндіктерін  арттыруға жол ашады.  Қазіргі оқушының қажеттілігі, талғамы жоғары, әрі жаңалыққа толы бұл әлемде оларды таңқалдыру, қызығушылығы мен сұраныстарын өтеу мұғалім үшін ізденушілікті қажет етеді. Бағдарламада әдіс-тәсілдер жүйеленген, оқушының жас ерекшелігі мен қызығушылығына бағытталған және жаңа форматта берілген. 
«Ұстаз – адам жанының инженері» демекші, бұл баланың жанына терең үңілу, оның дүниетанымын өз ықпалымен дамытуды басшылыққа алуға жол ашты. Сондықтан да жаңа форматтағы сабақты өзіміздің менталитетке сай икемдей отырып, шығармашылықпен ұштастыру, жаңалыққа деген ұмтылыс мені де осы оқуға алып келді. Дәріс алу барысында  – өзім басшылық ететін білім ошағында жаңа білім беру жүйесіне өзіндік үлес қосатын  қоғамдастық құру, мұғалімдермен етене байланыс жасай отырып, оқу үрдісін алға жылжыту, білім сапасын көтеруді көздедім. Қазіргі таңда деңгейлік курстан өткен 9 мұғалім дәріс беруде. Оның бірі І деңгей, 3-уі ІІ - деңгей және 5 -уі ІІІ - деңгейлік курстан өткен мұғалімдер. Алматы қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығына басшыларды оқытуға арналған 9 айлық курста білімімді жетілдіре отырып, курсалды тапсырмаларды терең зерделеуге қол жеткіздік. Ол тапсырмалар ата - ана, мұғалімдер және оқушылардан алынатын арнайы сауалнамалар екен.  Сауалнаманы алып, нәтижелерін сараптай келе, болашақта мектепті дамыту жоспарының басымдылығын  анықтадық. Осы тұрғыда мектепті дамыту жоспарын құрдық. Сонымен қатар  бағдарлама аясында мектебімізде көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Оқытудың жаңа технологияларын:  7 модуль, «Lesson study», іс - әрекетті зерттеу, көшбасшылық, топтық жұмыс, қоғамдастықты  іс-тәжірибеге енгізілді.Деңгейлік курстан өткен мұғалімдер 7 модуль бойынша коучингтер өткізіп, тәлім алушыларына жаңа әдіс - тәсілдерін үйретіп, зерттеу сабақтарында өз нәтижелерін көрсетті.
Осы бағдарлама аясында мектепте  аудандық семинар ұйымдастырдық. Мақсатымыз басқа мектептермен тәжірибе алмаса отырып, бағдарламаның негізгі идеясымен таныстыру, кәсіби қоғамдастық, желі арқылы қоғамдастық құру еді. Семинар "Репродуктивті оқытудан сындарлы оқытуға көшудегі мұғалімнің жаңа қызметтері" тақырыбында өткізілді.
Жалпы семинар барысында жаңаша  жұмыс жасау-уақыт талабы екендігін сезіндік. Халқымыздың   ұлы ағартушысы Ахмет Байтұрсыновтың: "Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана, шәкірт жанына нұр құя алады", - деген сөзі ізденімпаз, жаңашыл ұстаздарға арналған. Сондықтан бұл бағдарлама  бала тәрбиесіне, оларды біліммен қаруландыруға жол ашады деп білеміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін949
mod_vvisit_counterКеше1129
mod_vvisit_counterОсы аптада949
mod_vvisit_counterӨткен аптада11734
mod_vvisit_counterОсы айда8590
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2260259

Серіктестер