Онлайн газет



Ақпараттар ағыны

Жүлдемен оралды

М.Зикряева,
мәдени іс-шара бөлім меңгерушісі.

Жақында мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықта   балалар композиторы Б.Бейсенованың әндерін насихаттауға арналған «Әнші болғым келеді» атты облыстық ән байқауы  өткерілді. Оған Тараз қаласынан және аудандардан  қатысқан үміткерлер арасынан байзақтық  талапкерлер топ жарды. 
Өнер сайысында аудандық балалар мен жасөспірімдер орталығынан Базарбаева Маңдайлы жетекшілік ететін «Ән қазына» үйірмесінен Рахымбердиев Дамир, Белгібаев Махан жетекшілік ететін «Вокал» үйірмесінен

Өмірхан Альфия қатысып,  сазгердің әндерін нақышына келтіріп орындауда алдарына жан салмады.
Тартысты өткен  байқауда байзақтық  жас әншілер  жүлделі ІІ орынға ие болып, сазгер  Бота Бейсенованың қолынан Мадақтама  қағазымен қатар бағалы сыйлық, жаңадан  жарық көрген ән жинағы жазылған альбомын алды.

 

 

“Алтын күз” байқауы өтті

А.Айтенова,
“Жастар орталығының”  ұйымдастырушысы.

Әні-міне дегенше, қоңыр күз де өте шықты.  Алтын күздің өзіне тән ерекшеліктерін бүлдіршіндер сайыста жан-жақты көрсете білді. Жалғызтөбе ауылдық округіне  қарасты «Ерасыл» балалар  бақшасында «Айгөлек» тобының ұйымдастырушылары Г.Үмбеталиева, А.Бидайбекова, музыка жетекшісі М.Айтенованың ұйымдастыруымен “Алтын күз” байқауы  өтті. Сайыста қатысушы бүлдіршіндер алдымен өздерін таныстырды, ән айтып, би биледі, киім үлгілерін көрсетті. Әсіресе Аққия ауылының бүлдіршіндері өнерлерімен дараланды.  Ханзада мен ханшайым атағын иеленген Алихан Пірімқұл мен Жанерке Төлеген бас жүлдені иемденіп, сыйлықтармен марапатталды.Бірінші  орынды – Алтынхан Айқын, Мырзабаева Мадина, екінші орынды – Қанабек Диана, Нұралі Амина, үшінші орынды – Есенқұл Назира, Усенбай Алижан иемденді.  Бақша  меңгерушісі Қарлығаш Охашева  сайыс жеңімпаздарын құттықтап, игі тілегін білдірді.
Сайыс соңында оған қатысушылар өздерінің   тілектерін жырмен, әнмен жеткізді.

 

Тағылымы мол шара

Жақында Үлгілі орта мектебінде   директордың тәрбие ісі жөнінде орынбасары Д. Мельдебекова және  тәлімгер Қ. Қуатбекованың ұйытқы болуымен  “Арыс ағалар” атты  үлгі -өнеге сабағы өткерілді.  Оған облыстың МАИ  инспекциясының І-ші орынбасарлық қызметін атқарған,  запастағы  подполковник  Әбілқасым Ниязбеков, аудандық мәслихаттың депутаты, аудандық электр жүйесінің бас  инженері А. Жәмішжанов қатысты.
Қазіргі таңда мектепте “Қуыршақ” театры жұмыс істей бастапты. Қуыршақ театрының сахналық  ширмасы мен қуыршақтарын тіктіріп беруге демеушілікті аудандық мәслихаттың  депутаты Алтынбек Жәмішжанов жасапты. Ал мектеп оқушыларына жолда жүру ережесіне арнап  костюм тіктіріп берген  запастағы  подполковник  Әбілқасым Ниязбековке алғыстар айтылды.
Үлгі сабағында  аталмыш ауылдың  перзенттері, Әбілқасым  Әбдімажитұлы мен Алтынбек Миятұлының  әрдайым туған өлкесіне  жасап жүрген қамқорлықтары айтылды. Шарада Қуыршақ театры “Қасқыр қалаға келгенде” атты қойылым көрсетті.  Бұдан соң қос азаматқа мектеп оқушылары өздерін ойландырған сауалдарын қойып, жауаптар алды. Өнерлі бүлдіршіндер ана, Отан, туған жер, әке, ағалар, атамекен  туралы әндерді шырқады.
Өз кезегінде Әбілқасым аға  жол ережесін сақтау, оны бұлжытпай орындау туралы  әңгімелеп берді. Ауылдық ардагерлер алқасының төрағасы Ә. Садуақасов  аға буынды құрметтеу,  аға ұрпақ мен ұрпақтар сабақтасығының маңызын сөз етті.
Шара соңында  оған  қатысушылар білім ошағында шығарылған  “Арыс ағалар” атты шежіре кітаппен танысты.

Обновлено 11.11.2014 10:12
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін204
mod_vvisit_counterКеше1129
mod_vvisit_counterОсы аптада1333
mod_vvisit_counterӨткен аптада11794
mod_vvisit_counterОсы айда7845
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2259514

Серіктестер