Онлайн газет



МЕЖЕЛІ МІНДЕТТЕР БЕЛГІЛЕНДІ

М.Манекеев,
«Ауыл жаңалығы».

Бүгінде барша қазақстандықтардың сенімді серігіне айналған «Нұр Отан» партиясы, Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың болашақты болжай, келешекті көре білген дара саясатын алға апарушы еліміздегі ең іргелі саяси құрылым биігінен көрініп жүр. «Нұр Отан» партиясы еліміздің ішкі және сыртқы саясатының орнықты болуына, өндірісін өркендетіп, ауыл шаруашылығын қарқынды дамытуға, шағын және орта бизнестің қанат жаюы мен Қазақстанның әлем елдері қауымдастығы арасындағы беделін қалыптастыруға үлкен ықпал етуде. Еліміздің ғасырға пара-пар қысқа уақытта әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуына және өсіп-өркендеуіне партия мүшелерінің қосқан үлесі сүбелі.
«Нұр Отан» партиясының Жарлығына сәйкес, барлық деңгейдегі құрылымдарда әрбір екі жылда бір рет есеп беру-сайлау науқаны өткізілетіні белгілі. Бұл «нұротандықтар» үшін өте жауапты науқан. Партияның негізі – бастауыш партия ұйымдарынан бастап, партияның аудандық, қалалық және облыстық филиалдарының есеп беру-сайлау жиналыстары мен конференциялары ағымдағы жылдың 15 қазанынан бастау алды. Бұл саяси маңызы зор науқанда партия ұйымдарының есепті мерзімде атқарған жұмыстары жан-жақты талқыланып, зерделенуде және алдағы межелі міндеттері белгіленіп, партияның жаңа құрамы сайлануда.
Белгіленген мерзімде, келісілген кесте бойынша, бүгінде «Нұр Отан» партиясы Байзақ аудандық филиалының бастауыш партия ұйымдарында есеп беру-сайлау жиналыстары өткізілуде. Осындай жиын өткен сәрсенбіде аудандық әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде ұйымдастырылды. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының «Мәдениет үйі» бастауыш партия ұйымының есеп беру-сайлау жиналысына аудан әкімінің аппараты, партияның аудандық мәслихатындағы депутаттық фракцияларының мүшелері, Сарыкемер ауылдық округ әкімі, бірқатар аудандық мекеме, ауылдағы кәсіпорын басшылары шақырылып, оған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы М.Шүкеев қатысып отырды. Жиынды партия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Тлепов жүргізді.  Жиынға хатшылық етушілер сайланғаннан кейін, күн тәртібі таныстырылып, жұмыс регламенті бекітілді.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе «Нұр Отан» партиясы Байзақ аудандық филиалы «Мәдениет үйі» бастауыш партия ұйымының 2012 жылдың қазан айымен 2014 жылдың қазан айы аралығында атқарған жұмыстары бойынша партия ұйымының төрағасы С.Сыздықов есеп берді. Онда ол, «Мәдениет үйі» бастауыш партия ұйымының есепті мерзімде атқарған жұмыстары және болашақта тындырар тірліктері жөнінде жан-жақты баяндады.
Мұнан кейінгі кезеңдерде партия мүшелері, аудандық мәслихат аппаратының басшысы И.Сәлімбаев, аудан әкімі аппаратының бас инспекторы С.Иманова, партия аудандық филиалы Саяси кеңесінің бюро мүшесі, «Ауыл жаңалығы»-«Сельская новь» газетінің директоры-бас редакторы С.Қалмұратовтар жарыссөзге шықты. Олар Елбасының үстіміздегі жылы халыққа арнаған Жасампаз Жолдауы және «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты тұжырымдамасындағы басты мақсаттарға, өз салалары бойынша қол жеткізген жетістіктер жайын сөз етіп, бастауыш партия ұйымының төрағасы С.Сыздықовтың есебіне баға берді.
Есеп беру жиынында мұнан соң кезең-кезеңімен күн тәртібіндегі өзге де мәселелер талқыға салынды. «Мәдениет үйі» бастауыш партия ұйымының бюро мүшелері, төрағасы, оның орынбасары және партия Байзақ аудандық филиалының ХV есеп беру-сайлау конференциясына делегаттар сайланып, тиісінше шешімдер шығарылды.
Жиынды “Нұр Отан” партиясы аудандық филиалының төрағасы Мұратхан Жүнісәліұлы қорытындылап, қойылған сұрақтарға жауап берді.
Осындай күн тәртібіндегі мәселелер қаралған жиындар осы күні «Жеңіс» бастауыш партия ұйымында (төрайымы Садықова Күлжамал), «Көктал» бастауыш партия ұйымында (төрайымы Ибрагимова Бибігүл) өткізілсе, 23 қазанда «Түймекент» бастауыш партия ұйымында (төрайымы Қапарова Шырын), «Дихан» бастауыш партия ұйымында (төрағасы Қасымов Тұрсын), «Кеңес» бастауыш партия ұйымдарында (төрағасы Нысанбаев Айтжан) ұйымдастырылды.

Обновлено 07.11.2014 09:53
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін180
mod_vvisit_counterКеше1129
mod_vvisit_counterОсы аптада1309
mod_vvisit_counterӨткен аптада11794
mod_vvisit_counterОсы айда7821
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2259490

Серіктестер