Онлайн газет



АҚЖАРЛЫҚТАР ҚУАНЫШҚА КЕНЕЛГЕН КҮН

М.Шалғынбайұлы,
«Ауыл жаңалығы».

Бүгінгі таңда елімізде денсаулық сақтау саласына айтарлықтай көңіл бөлініп келеді. Жаңадан ауруханалар, емханалар, дәрігерлік амбулаториялар салынып, олардың материалдық-техникалық базасы жақсартылуда. Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауында: “2015 жылға қарай 350 дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік пункттер және емханалар салынатын болады”,  деген болатын.
Осыған орай “Саламатты Қазақстан” бағдарламасы аясында аптаның сәрсенбісі күні Ақжар ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды. Оның ашылу салтанатына аудан әкімі Мұратхан Шүкеев, аудан әкімінің орынбасары Сағындық Кенжебаев, Түймекент ауылдық округінің әкімі Бақыт Алсейтов, аудандық денсаулық сақтау саласының өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты.
- Елбасы тапсырмасын орындау мақсатында бүгін, міне, Ақжар ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылып отыр. Денсаулық сақтау саласы басты назардан еш түскен емес. Жалпы биылғы жыл денсаулық сақтау жүйесі бойынша өте нәтижелі болды. Өздеріңіз көріп тұрғандай ағымдағы жылдың наурыз айынан құрылысы басталған нысанға облыстық бюджет есебінен 30,1 миллион қаржы жұмсалды. Ауыл тұрғындарын, дәрігерлер қауымын аталмыш қуанышпен шын жүректен құттықтаймын, барлықтарыңызға зор денсаулық тілеймін, - деді аудан басшысы Мұратхан Жүнісәліұлы.
Бұдан соң ауыл жұртшылығы атынан сөз алған еңбек ардагері Тәуірбек Әшімов өткен күндерге қысқаша шолу жасай отырып, заманауи үлгіде бой көтерген нысанның ашылуына қолдау көрсеткен аудан басшылығына, құрылыс жұмыстарын сапалы, дер кезінде орындаған «Сити Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұжымына тұрғындардың шексіз риза екенін жеткізді. Өз кезегінде «Сити Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Әлмахан Тастанқұлов ауылдық дәрігерлік амбулаторияның кілтін салтанатты түрде Түймекент дәрігерлік амбулаториясының бас дәрігері Сәтжамал Оразбаеваға табыс етті.
Денсаулық сақтау мекемесін ашу рәсімі аудан басшысы М.Шүкеев пен еңбек ардагері Т.Әшімовқа берілді, ақ жаулықты аналар шашу шашты. Бұдан соң құрметті қонақтар дәрігерлік амбулаторияны аралап, бөлмелермен танысты.
-Денсаулық сақтау мекемесінде дәрігерлік жәрдемге дейінгі қызмет, алғашқы және білікті медициналық көмек көрсетіледі. Мұнда 1 дәрігер, 3 орта және 1 кіші медициналық, 1 социолог және 2 әкімшілік-шаруашылық қызметкерлер Ақжар ауылының 1200-ге жуық тұрғынына қызмет көрсететін болады. Дәрігерлік амбулатория халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін жаңа заманауи жабдықтармен жасақталған. Мұнда екпе егу, әйелдерді қарау, емшара жасау, сүзгі бөлмелері мен екі адамдық күндізгі стационар бар. Сондай-ақ бір күнде он-он бес адамға дейін қабылдай алатын мүмкіндікке қол жетті. Халық игілігіне берілген денсаулық сақтау мекемесі тұрғындардың сапалы да уақытылы медициналық көмек алуына жағдай жасайтын болады-дейді Ақжар дәрігерлік амбулаториясының аға медбикесі Гаухар Андабаева бізбен әңгімесінде.
Ботагөз Әшімова, Ақжар ауылының тұрғыны:
-Ауылымызда бой көтерген дәрігерлік амбулаторияның ашылуына өте қуаныштымыз. Себебі, бас ауырып, балтыр сыздағанда, тіпті алғашқы көмек алуға да зәру едік. Енді, міне, заманауи құрылғылармен жасақталған өз дәрігерлік амбулаториямыз бар. Тек игілігімізге жарап, сапалы қызмет көрсетеді деп сенеміз.

Обновлено 07.11.2014 09:50
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін201
mod_vvisit_counterКеше1129
mod_vvisit_counterОсы аптада1330
mod_vvisit_counterӨткен аптада11794
mod_vvisit_counterОсы айда7842
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2259511

Серіктестер