Онлайн газет



Аудан әкімі әншіге құрмет көрсетті

Г. Әбдіқұлова,
“Ауыл жаңалығы”.

Өнерімен қалың жұртшылықтың  сүйіспеншілігіне бөленген Динара Қырықбаева ауданымыздың  топырағында дүниеге келіп, осындағы Ғ.Мұратбаев мектеп-гимназияда 4 сыныпқа дейін білім алған. Әкесі Арқабек ағамыз- сазгерлігімен  танылған, әрі  үлкен жүректі мәрт азаматтардың  бірегейі. Жамбыл облысының 75 жылдығына орай  “Туған жерге тағзым” атты акция аясында  Динара Арқабекқызы ауданымызға  атбасын тіреді.
Танымал әншіні  аудан әкімі М. Шүкеев қабылдап, өнердің өлкесінде жүрген  жерлесімізге  өнер биігінен көріне беруіне тілектестігін білдіріп, гүл шоғымен қатар  сый-сияпатын табыстады.
Өнер жұлдызы  өзін құрметтеген аудан басшысына алғысын білдірді.

Әнші білім алған мектебінде болды

Аудан әкімінің  қабылдауынан соң  әнші өзінің білім алған Ғ. Мұратбаев мектеп-гимназияда болды. Білім ошағының директоры К. Жаманова, ұстаздар Н. Ысқақова, А. Сәлімбаева бастаған педагогикалық ұжым және бастауыш сынып  оқушылары  жылы шыраймен қарсы алды.  Ұстаздарымен емін-еркін  сырласқан  Динара сыныптарды аралады, алғаш отырған партасына отырып,  балалық шағын еске алды. Оқушылармен естелікке суретке түсті, қолтаңба берді.  Балалық шағымен қайта жүздескен Динара “Мектебім бәрінен де ыстық” деп ағынан жарылды.

Оқушылармен жүздесті

Өнер иесі сондай-ақ жаңадан бой көтерген  Сарыкемер  орта мектебінде болып,  естелік кітапқа қолтаңбасын қалдырды, жылыжайды аралап,  онда өсіріліп жатқан көкөністен дәм татты. Білім ордасының  акт залында өзін күтіп отырған  9-11 сынып оқушыларымен  жүздесті.
Әншіге Сарыкемер орта мектебінің  және Ғ. Мұратбаев мектеп гимназияның  оқушылары көкейлерінде жүрген сауалдарын қойды. Әрбір сұраққа бүкпесіз жауап берген   Динара “Ұстазым” әні- туған мектебі мен ондағы ұстаздарға арналғандығын,  кіндік кескен жеріне келмегеніне біраз уақыт болғандықтан,   аудан келбеті  жасарып, жаңарғанын,  киелі өлкеге  арнап   ән және клип түсіруді жоспарлап отырғандығын сөз етті. 1996 жылы Ғ. Мұратбаев  мектебінің табалдырығын аттап,  білікті ұстаздардан дәріс  алғандығын,  репертуарында 150 әннің барлығын,  соңғы жылдары  сахнадан көрінбей жүргендігін-жеке студия ашып,  соның жұмыстарымен айналысқандығын,  алдыға ұлы мақсат қойған адам  алмайтын шың болмайтындығын,  бос уақытта Медеуге барып  тынығуды,  кітап оқып, атқа мінуді, теннис ойнаудан шабыт алатындығын  сөз етті.  Шәкірт тәрбиелеуге жас екендігін, өмірде әкесін идеал тұтатындығын,  таланты бар жастарды  өз студиясына келіп, бақ сынауға шақырды.Бойында қарапайымдылық пен шынайылылық қасиеттері басым  Динара  өнердің биік  шыңына жеткен  әншілерді құрмет тұтатындығын, “18 жаспен қайта қауышсам” деген  ойын да бүкпеді. Өсіп келе жатқан жастарға ”Ата-аналарыңды сыйлаңдар, жақсылыққа ұмтылыңдар, жақсымен дос болыңдар және арттарыңа бұрылған кезде ұялмайтындай өмір сүріңдер” деген   тілегін де жеткізді.Жүздесу соңында Динара “Саған жаным асықтым” атты  әдемі әнін орындап берді.Ол сонымен қатар аудан орталығындағы тарихи-өлкетану музейіндегі жәдігерлермен танысты.
Әншімен бірге аудан әкімінің орынбасары С. Кенжебаев, аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы С. Сыздықов болды.

Обновлено 07.11.2014 09:50
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін332
mod_vvisit_counterКеше1129
mod_vvisit_counterОсы аптада332
mod_vvisit_counterӨткен аптада11734
mod_vvisit_counterОсы айда7973
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2259642

Серіктестер