Онлайн газет



Мемлекеттік қызмет аясында

мүмкіндігі шектеулі балаларға  қызмет көрсетілуде

Д. Абишева,
психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің педагог-психологы.

Білім беру жүйесінде даму мүмкіндігі шектеулі балаларға айрықша орын бөлінген. ҚР Президентінің  кезекті Жолдауында жас өскінге, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалардың лайықты білім алып, оларды сауықтыру жолында пәрменді шаралар қабылдау көзделген болатын.  Елбасының қолдауымен 2002 жылдан бастап, мүмкіндігі шектеулі балаларға мемлекет анағұрлым көп көңіл бөлуде. Соның нәтижесінде ата-аналар балаларын үйден оқытқаннан гөрі, арнайы түзеу мекемелеріне әкелуге ұмтылуда. Көпшілік ортаға келгеннен кейін олардың өмірге деген құштарлығы, ынтасы арта түсуде. Сондықтан,  мүмкіндігі шектеулі балалардың тәрбиесі тасада қалмай, олардың жанына жылулық, жүрегіне шуақ, келешегіне қанат бітіру біздің  парызымыз. Осыған орай облыстық білім басқармасына қарасты Байзақ ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті 2006 жылды ашылды.
Қазіргі таңда 131 балаға арнайы мамандар мемлекеттік қызмет көрсетіп отыр.  Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті негізінен сөйлеу, көру, есту қабілеті, тірек қозғалыс қимылы, эмоциялық-еріктік саласы бұзылған, оқуында, қарым-қатынас    жасауында, мінез-құлқында ауытқушылықтары бар балалар мен жасөспірімдерге кешенді көмек көрсетеді. Әр баланың дамуындағы проблемаларын мамандардың командалық бағалауы арқылы кешенді тексеру және оның медициналық, психологиялық, педагогикалық және әлеуметтік көмекке   деген мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін анықтау арқылы атқарылады. Кабинеттегі түзеу жұмыстары балаларды облыстық медициналық психологиялық-педагогикалық кеңесі мекемесінің берген қорытынды тұжырымдамасы негізінде жүргізіледі. Жыл бойы оқу-тәрбие процесі баланың деңгейіне сай жүргізіліп отырылады. Бұл  үшін мамандар арнайы бағдарламаны басшылыққа алып жұмыс  жасайды. Олар белгіленген сабақ  кестесі бойынша аптасына екі-үш рет келіп, аталмыш кабинетте сабақ өткізеді. Балаларға арнайы мамандар  дефектолог, логопед, психолог,сурдопедагог,олигофренопедагог, әлеуметтік педагог, әдіскер, емдік дене шынықтыру маманы, музыка және ритмика  жетекшісі көмек көрсетеді. Мамандар әр баланың дамуының әлеуметтік жағдайын ескере отырып, жеке даму бағдарламасын әзірлейді. Олармен жеке де, топтық та түзету-дамыту сабақтарын әр маман жеке жоспар бойынша жүргізеді. Отбасы жағдайында даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналарға кеңестер беріліп, көмек көрсетіледі.
Бүгінгі ұрпақ-ертеңгі болашағымыз   десек, келешегіміздің, оның ішінде көмекке мұқтаж жандардың  саналы түрде жетіліп өсуіне  айрықша мән беріліп,  мемлекеттік қызмет шеңберінде көмек көрсетілуде.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін295
mod_vvisit_counterКеше1762
mod_vvisit_counterОсы аптада7708
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда3615
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2255284

Серіктестер