Онлайн газет



ЕСЕП БЕРУ –САЙЛАУ ЖИНАЛЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

М.Манекеев,
«Ауыл жаңалығы».

Ағымдағы жылғы 15 қазаннан бастап  «Нұр Отан» партиясы Байзақ аудандық филиалына қарасты бастауыш партия ұйымдарының есеп беру-сайлау жиналыстары басталғаны туралы көзі қарақты оқырман қауым құлағдар. Алдын ала белгіленген кестеге сәйкес, аталмыш есеп беру-сайлау жиналыстары  өз жалғасын тауып, аптаның дүйсенбісінде,  «Талас», «Үлгілі», «Бурыл» бастауыш партия ұйымдарында болса, кеше, аптаның сейсенбісі күні «Мырзатай», «Қызыл жұлдыз» және «Қайнар» бастауыш партия ұйымдарында болып өтті.
«Қызыл жұлдыз» бастауыш партия ұйымында өткен басқосуға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Тлепов, партия аудандық филиалы Саяси кеңесінің Бюро мүшесі С.Қалмұратов, ауылдық округ әкімі Ө.Нұрбаев, Н.Ақшабаев орта мектебінің директоры Қ.Бәйтен, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Досымбаев, «Мәрзия апа» балабақшасының меңгерушісі Р.Абдуллаева, бастауыш партия ұйымының мүшелері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Онда бастауыш партия ұйымының төрайымы Гүлжан Көпжасарова төрағалық етіп, баяндама жасады. Күн тәртібіндегі өзекті мәселелер баяндамада кеңінен сөз болып, аталмыш ұйымның жетістіктері айтылды.
Есепті кезеңде бастауыш партия ұйымы тарапынан «Нұр Отан» партиясының бағдарламалық құжаттарын, мақсат-мүдделерін жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліпті. Атап айтқанда, 9 қоғамдық саяси, 6 әлеуметтік, 33 мәдени-көпшілік және тағы да басқа шаралар «нұротандықтардың», сондай-ақ ауыл тұрғындарының қатысуымен өткізілген. Ал, 2013-2014 жылдары саяси ұйымымыздың тұғырлы бағдарламалық құжаттары қабылданып, қоғам талабы ескеріле отырып, партиялық жобалар форматында негізгі жұмыс бағыттары айқындалған.
-«Нұр Отан» партиясы үшін қоғамның ортақ мүддесі басты басымдық екені баршаңызға аян. Төл ұйымымыздың XV құрылтайында қабылданған саяси Доктринамыз, міне осы мақсатты жүзеге асырудың бірегей тетігіне айналып қана қоймай, Ұлт Көшбасшысы, Төрағамыз Н.Ә.Назарбаевтың сұңғыла сарабдал саясатының жемісі, еліміздің жарқын болашағын қамтамасыз етуге бағдарланған, жалпыұлттық деуге әбден лайық бағдарлама - «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді Стратегиясын іске асырудың идеологиялық тірегі ретінде бекіді. Доктринада көрініс тапқан маңызды тараулар-Отанымызды өркендетудің, мызғымас мемлекетілікті қалыптастырудың, бұлжымас рухани құндылықтарды қастерлеудің, дәріптеудің дара жолдары болатыны анық, тек оны іске асыруға жұдырықтай жұмылуымыздың қажеттілігі айтпаса да түсінікті-дей келе, баяндамашы партиялық бағдарламалар аясында атқарылып жатқан бірқатар іс-шараларға кеңінен тоқталып өтті. Олардың қатарында, «Ардагерлерді ардақтайық»  жобасы арқылы ұрпақтар сабақтастығын, қоғамымызда қалыптасқан татулық құндылықтарын, дәстүрлерін одан әрі нығайту, аға буын өкілдеріне деген құрметті өрістету мақсатында «Әскери шеру» байқауы,  «Ауғанның от-жалыны» тақырыбында кездесу өткізу, Ұлы Жеңіс күніне орай мерекелік концерт, «Жас Ұлан» ұйымының оқушылары ұйымдастырған іс-шаралар, отбасылық институтты, имандылық, адамгершілік, руханиятты нығайтуға бағытталған «Бақытты отбасы» байқауы, ауылдық жерлердегі өмір сүру  сапасын арттыруға бағытталған «Біздің ауыл» тазалық маусымы, жекелеген әлеуметтік топтармен жұмыс, дәстүрлі «Балаға мейірім сыйла» Үндеуімен өткізілетін «Мектепке барар жол» акциясы, жастарды топтастыру, бизнес қауымдастықпен  атқарылатын «Мықты бизнес-қуатты мемлекет» жобасы сынды жұмыстар бар.
Сондай-ақ жиын барысында күн тәртібіне шығарылған «Нұр Отан» партиясы Байзақ аудандық филиалы «Қызыл жұлдыз»  бастауыш партия ұйымы Бюросының мүшелерін, бастауыш партия ұйымының төрағасын және орынбасарын, «Нұр Отан» партиясы Байзақ аудандық филиалының  ХV есеп беру-сайлау конференциясына делегаттар сайлау туралы мәселелер қаралды. Жиналыс соңында күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып болған соң бірқатар партия мүшелеріне салтанатты түрде жаңа үлгідегі партиялық куәліктер табысталды.
Есеп беру-сайлау жиналысы соңында «Нұр Отан» партиясы Байзақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Тлепов партияның алдыға қойып отырған басым бағыттарына назар аудара отырып, басқосуды қорытындылады.
Осындай күн тәртібіндегі мәселелер қаралған жиындар дүйсенбі күні «Талас» бастауыш партия ұйымында (төрағасы М.Қалмұратов), «Үлгілі» бастауыш партия ұйымында (төрайымы Д.Мельдебекова),  «Бурыл» бастауыш партия ұйымында (төрайымы Қ.Үкібаева) өткізілсе, 21 қазан күні «Мырзатай» бастауыш партия ұйымында (төрайымы А.Диханбаева) және «Қайнар» бастауыш партия ұйымында (төрайымы А.Саршаева) ұйымдастырылды.

Обновлено 07.11.2014 09:35
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1635
mod_vvisit_counterКеше1558
mod_vvisit_counterОсы аптада7286
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда3193
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2254862

Серіктестер