Онлайн газет



Жамбылдың жері

Қасқырбай Нарбатыр


Қордайдан  бастап Мойынқұм, Меркі, Құланым,
Шу бойы көркем көрсетіп нуын, құнарын.
Байзағым баппен ағытқан ырыс бұлағын,
Жамбылдың жері, жаңбырлы көгі жыр-әнім,
Айналдым сенен, аяулы мекен тұрағым!

Ғасырдың жалғап көнесі және жаңасын,
Баянды етіп биіктен алған бағасын,
Ерке Таластың, еміне жайлап жағасын,
Бірі мен бірі адамы тапқан жарасым,
Таразым тұрған тарихы терең қала шын.

Билер де өткен кезінде аузы дуалы,
Ақындар өткен жанының жайнап шуағы
Батырлар өткен халқына қалқан, қырағы.
Ауданым Жамбыл, бау-бағы дәнді Жуалы,
Жамбылдың жері, шынында жердің жұмағы.

Таласым түгел, Сарысу жері түрленіп,
Қай кезде де көрмеген тегі сыр беріп,
Аймағым өсті, тауларым сесті ірге нық
Уақыттан қалмай бәріне тұтас үлгеріп,
Жамбылдың елі 75 жасқа тұр келіп!

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін209
mod_vvisit_counterКеше1762
mod_vvisit_counterОсы аптада7622
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда3529
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2255198

Серіктестер