Онлайн газет



Атқарылған істер аз емес

Д. Тасыбаев,
аудандық соттың төрағасы.

Қазақстанның сот жүйесі соңғы жылдары айтулы өзгерістерді өткерді. Елбасының бастамасымен сот реформасында тәжірибенің озық үлгілері қолданылып, сот жүйесі уақыт озған сайын халықаралық стандарттарға сай жетістіктерге кол жеткізіп келеді. Оның үстіне тәуелсіз саналатын сот жүйесінде ашықтық пен жариялылықтың барынша салтанат құруы - Елбасы саясатының негізгі ұстанымдарының біріне айналды.
Сот - өз қызметінде Конституциялық заңдарды ғана басшылыққа алатын биліктің тәуелсіз тармағы болып табылады. Халықтың, қоғамның мемлекеттік билік органдарына, соның ішінде сот билігіне деген сенімі соңғы кезде артып келеді.
Байзақ аудандық соты қылмыстық азаматтық, әкімшілік істерді және құжаттарды уақытылы қарау, сот актілерін дер кезінде  орындау және әділдікті жүзеге асырудың сапасына жіті назар аударуда. Қылмыстық істердің қаралуы бойынша 2014 жылдың 9 айында сот өндірісіне 57 қылмыстық іс түсіп, 7 қылмыстық іс 2013  жылдан қалдық болып өткен. Яғни сот  өндірісінде 64 қылмыстық іс болған. Барлығы 63 тұлғаға қатысты 42  үкім шығарылды. 12 тұлғаға қатысты 10 қылмыстық іс қысқартылған. 1  қылмыстық іс қосымша тергеуге жолданып, 3 қылмыстық іс прокурорға қайтарылған. Яғни, 2014  жылдың 9 айында өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда қаралған қылмыстық істердің саны 12 іске азайған, ал үкім шығарылып қаралған қылмыстық істердің саны 5 іске көбейген.
Азаматтық істердің қаралуы бойынша 2014 жылдың  тоғыз айында сот өндірісімен барлығы 927 азаматтық істер қаралды, оның ішінде 635 іс бойынша шешім қабылданған, 1 іс бойынша сырттай шешім қабылданған, 137 сот бұйрығы шығарылған, 58 іс қысқартылды. 89 іс қараусыз  қалдырған. 2013 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 2014 жылдың 9  айында сот өндірісінде болған азаматтық істердің саны 946 істен 927 іске азайған, яғни 19 іске, шешім шығарылып қаралған азаматтық істердің саны 635 істен 543 іске, яғни 92 іске көбейген.
Әкімшілік істердің қаралуы бойынша есеп беру мерзімінде барлығы 635 адамға қатысты 635 әкімшілік іс қаралды. Оның ішінде 503 іс бойынша әкімшілік жаза  қолдану туралы қаулы шығарылған, 129 іс өндірістен қысқартылған. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 2014 жылдың 9 айында 71 іске көп қаралған.
Сот төрелігін жүзеге асыру бағытында ҚР Жоғары Сотымен және облыстық сотпен аудандық және оған теңестірілген соттарға барынша халықпен тығыз жұмыс жасау, сот жұмысының анықтығы мен ашықтығы тұрғысында жұмыс атқару сияқты нақты тапсырмалар беріліп, сотқа келушілерге қажетті ақпараттарды кедергісіз ұсыну міндеттелген. Аталған тапсырма аясында Байзақ аудандық сотында біршама жұмыстар атқарылды.  Атап айтсақ, сотта анықтама киоскісі жұмыс  жасап, сот фойесінде сенім телефоны орнатылған. Онда азаматтар өздеріне қажетті ақпаратты алуға барынша жағдай жасалған. Сонымен бірге  сот фойесінде сот  төрағасының азаматтарды қабылдау кестесі ілініп, онда сот төрағасы жұмыс күндерінің барлық уақытында яғни сағат 09.00-ден бастап 18.30-ға дейін қабылдау көрсетілген.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін168
mod_vvisit_counterКеше1762
mod_vvisit_counterОсы аптада7581
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда3488
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2255157

Серіктестер