Онлайн газет



Бір әулеттің жақсы істері

Е. Серікбайұлы,
Байзақ ауданының  Құрметті азаматы.

Ауданымыздың «Қызыл құм» ауылында Сырлыбаевтың әулетінде 1896 жылы Әлмен деген ұл, 1919 жылы Ұлбике деген қыз өмірге келеді. (Ұлбике атасының тегін алған). Бұл жерде мен Ұлбике жайында айтып өтпекшімін.
Ұлбике Ақжар ауылындағы  бастауыш мектепті бітірген соң ұжымшарға мүше болып кіріп, еңбек жолын бастайды.  1941 жылы Сағын Жиенбаев деген азаматқа тұрмысқа шығады.  Үйленгеніне он сегіз күн болғанда Сағын әскер қатарына  алынып,  содан елге оралмайды.
Ұлбике Жүнісова 1990 жылы өмірден өткенше  тұрмысқа  шықпай,  ғұмырын еңбекпен өрнектеген екен.  Бұрын Ақжар ұжымшарында, 1950 жылы майда шаруашылықтарды біріктіргенде «Трудовой пахарь»  ұжымшарында қызылшашы , кейіннен звено басқарады. Ұлбике басқарған  звено мүшелері жыл сайын қызылшадан мол өнім  алып отырады.  1940 жылы 9,5 гектар қызылшаның әр гектарынан 508 центнерден өнім жинаған Ұлбике Москва қаласындағы ауылшаруашылық көрмесіне қатысады. Бұдан соң шопан болып,  малдан жоғары көрсеткішке қол жеткізген Ұлбике  1958 жылы 29 наурыздағы СССР Жоғарғы Советі Президиумының   Жарлығымен Ұлбике Жүнісова “Құрмет белгісі” орденімен наградталады.  1945 жылы 6 шілде  күнгі СССР Жоғарғы Советі Президиумының Жарлығымен кейіпкеріміз “Ұлы Отан соғысындағы ерен   еңбегі “ үшін медалімен марапатталыпты. Жиырма жыл қатарынан аудандық, ауылдық Кеңестің депутаты болып сайланған. 1951, 1953, 1960 жылдары аудандық партия конференциясына делегат болған Ұлбике «Трудовой пахарь»  ұжымшарының  «Құрметті қолхозшы” атағын алғандардың бірегейі. Ал ағасы Әлмен  Сырлыбаев та “Трудовой пахарь“ ұжымшарының “Құрметті колхозшысы” болған.  Шопан болып  еңбек етіп, жыл сайын мал басын аман сақтап, қозы алу, жүн қырқуда көш бастаған ол Тәлімбала деген аруға үйленіп, қырық жылдан астам бірге өмір сүрген. Әлмен 1964 жылы, Тәлімбала 1978 жылы қайтыс болған. Екеуінен бір ұл, бір қыз бар. Ұлы Ешмахан Сырлыбаев  орта мектепті бітірісімен 1977 жылы Жамбыл қаласындағы педагогикалық институтының   физика-математика  факультетін  бітірген. Еңбек жолын қатардағы мұғалімнен бастаған ол директордың тәрбие, оқу ісі жөніндегі орынбасары,  Түймекент, С.Сейфуллин  атындағы орта мектептердің директоры болып, ғұмырының 37 жылын бала тәрбиесіне арнапты.  Ел болашағы білімді ұрпақта екендігін, ал  оларды дайындау өзі сияқты мұғалімдердің иығындағы ардақты борыш екенін жете түсінген Ешмахан бұл жолдағы қиындықтарды қайыспай көтерді және жеңе білді.
Институтта оқыған жылдары Ешмахан Сырлыбаев құрылыс бригадасын басқарып, Талас ауданындағы «Ақ жол» кеңшарының бие байлап, қымыз дайындайтын базын, тағы басқа құрылыстарды тұрғызған. Мектепте, институтта оқып жүрген кездерінде  еркін күреспен айналысқан.  Зайыбы Әлима Аюбекова  да ұстаз.  Екеуінің жұбы жазылмай,  қол ұстасып, тату-тәтті ғұмыр кешіп, өнегелі өмір сүріп келеді. Әулеттің көрігі-бес перзенті өмірден орындарын  тапқан.  Бүгінде Алмасы асыл тұқымды  қой өсірумен  айналысуда.
“Ауылына қарап, азаматын таны” дейді дана халқымыз.  Қазақ елі мынау менің ұлым деп ғаламға көрсететін асылдарға кенде емес. Қос ұстаз  Ешмахан Сырлыбаев пен Әлима Ағыбекова  ел-жұртының,  шәкірттерінің шынайы  құрметіне бөленген үлгілі отбасылардың бірі десек артық айтқандық емес.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1626
mod_vvisit_counterКеше1558
mod_vvisit_counterОсы аптада7277
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда3184
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2254853

Серіктестер