Онлайн газет



ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАҒАН СӘКЕН СЕЙФУЛЛИННІҢ ТУҒАНЫНА 120 ЖЫЛ ТОЛДЫ

М.Манекеев,
«Ауыл жаңалығы».

Ағымдағы жылдың 15 қазанында XX ғасырдағы қазақ поэзиясын жаңа түр, тың мазмұнмен байытқан ақиық ақын, ірі мемлекет қайраткері, сарабдал жазушы, драматург, әдебиет зерттеушісі, республика қаламгерлерінің бетке ұстар беделді серкесі, осыларға сал - серілігі мен сирек ұшырасатын сымбаттылығы қосылып, көзінің тірісінде - ақ аңызға айналған Сәкен Сейфуллин 120 жасқа толды. Саналы ғұмырын ұлтының қамын жеуге арнаған дара тұлғаның мерейтойы қарсаңында бірқатар игі шаралар қолға алынды. Солардың бірі – ауданымыздағы Сәкен Сейфуллин атымен аталатын орта мектепте өткізілген оқушылар арасындағы дәстүрлі «Сәкентану әлемі» байқауы. Жас ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру, С.Сейфуллин шығармашылығын насихаттау, мектеп оқушылары арасында көркемсөз оқу шеберлігін дамыту және ұрпақтар сабақтастығын нығайтуды мақсат тұтқан байқауға аталмыш білім ордасының ұстаздары мен оқушылары белсене атсалысты.
Мектеп директоры Ержан Абилдаевтың құттықтау сөзімен ашылған байқауда оған қатысушы оқушылар қазақ әдебиетінің алтын қорынан айрықша орын алатын ақынның таңдаулы поэмалары мен өлеңдерін оқыды. Ал залдағы көрермендер ақындардың өмірбаяны мен шығармашылықтарына байланысты қойылған викториналық сұрақтарға жауап берді. 
Сондай-ақ байқау шарттарына сай, оқушылар Сәкеннің өмірбаяны жайлы сыр шертті, шығармалары мен өлеңдерін жатқа айтып, ақынға деген өз арнауларын жолдау бойынша сынға түсті.
Кеш соңында оқушылар  Сәкен Сейфуллиннің «Тау ішінде» әнін өз мәнінде орындап, «Ақсақ киік» шығармасын бейнежазбадан тамашалады. Оқырмандар мектеп  кітапханашысы ұйымдастырған «С.Сейфуллин 120 жаста» тақырыбындағы кітап көрмесін тамашалаған соң, әділқазылар алқасының ұйғарымымен жеңімпаз деп танылған оқушылар Грамоталармен марапатталды.

Сәкенге  арнау

Шұғай Сандуғаш,
С.Сейфуллин орта мектебінің 9-сынып оқушысы.

Талабы биік,ойы кең болған ақын,
Кінәсіз  дүниеден озған ақын .
Түрмеде жалғандықпен отырса да,
Халыққа демеу берген шыншыл ақын.

Тарихта аты қалды,ол кісінің,
Халыққа пайдасы көп,бар ісінің.
«Оқжетпес», «Бурабайда» өлеңдері.
Халыққа дем береді, нәр береді.

Сәкен ата жүректе сақталады,
Мектебіміз есімімен аталады.
Бұл мектепте тарихтар жатталады,
Біздің мектеп Сәкенмен мақтанады.

 

Ақынға арнау

Шұғыла Ертайқызы,
С.Сейфуллин орта мектебінің 8-сынып оқушысы.

Қазағым деп жүрегі қақ жарыла,
Адалдықты аңсаған ар жолында.
Ұлтының ұрпағы үшін жол бастаған,
Өмірдің тайғақ кешіп, тар жолында.

Жыр арнаған жалынды жаныменен,
Тау ішін тебірентіп әніменен.
Көргенді, тыңдағанды тамсандырған,
Қазаққа тән сымбатты сәніменен.

Біліммен орындалар бақ – талабым,
Тарихтың сыр – сандығын ақтарамын.
Мектебім Сәкен атын арқалаған,
Осыны айтып баршаға мақтанамын!

Обновлено 07.11.2014 09:28
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1675
mod_vvisit_counterКеше1558
mod_vvisit_counterОсы аптада7326
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда3233
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2254902

Серіктестер