Онлайн газет



Сервистік қолдау аясы кеңеюде

Д.Нұралиев,
Жамбыл облысы кәсіпкерлер Палатасының Байзақ аудандық филиалының директоры.

Жамбыл облысы кәсіпкерлер Палатасының Байзақ ауданындағы филиалы«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Кәсіпкерлік әлеуетті жетілдіру» атты төртінші бағытының аясында іс жүзіндегі шағын және орта бизнеске сервистік қолдау көрсетеді.
Сервистік қолдау Байзақ ауданының шағын және орта бизнес субъектілері үшін келесі қызметтерді тегін көрсетеді:
№1 қызмет – Бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізуге, сондай-ақ статистикалық есеп беруді жасауға байланысты қызметтер;
№2 қызмет – Кедендік рәсімдер бойынша қызметтер;
№ 3 қызмет – Менеджмент жүйесін енгізу бойынша барлық үдеріске консультация беру толық сүйемелдеу;
№4 қызмет – Заң қызметтерін көрсету;
№ 5 қызмет – Маркетинг мәселелері бойынша қызметтер;
№6 қызмет – Ақпараттық технологияларға қызмет көрсету саласында консультациялар беру;
№7 қызмет – Мемлекеттік сатып алулармен, ұлттық компаниялардың және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларымен байланысты қызметтер.
Байзақ ауданы бойынша 2014 жылдың тамыз және қыркүйек айлар аралығында жоғарыдағы аталған қызмет түрлері бойынша кәсіпкерлер Палатасының Байзақ ауданындағы филиалы және  Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасының сервистік қолдау орталығының мамандары аудандағы24 кәсіпкерлік субъектісіне сервистік қызмет көрсетті.
Тамыз айында   - 11 кәсіпкерлік субъектіге қызмет көрсетілсе, оның ішіндегі қызметтер, атап айтқанда, төрт рет заң қызметтерін көрсету және жеті рет маркетинг мәселелері бойынша қызметтер болып табылады.
Сондай-ақ «Нұр» шаруа қожалығына инфроқұрылым бойынша бизнес жоба жасалды – жобаның жалпы құны16 044 000 теңге.
Қыркүйек айында   - 13 кәсіпкерлік субъектісіне қызмет көрсетілсе, оның ішінде, 2-еуі заң қызметтерін көрсету және 11-і маркетинг мәселелері бойынша қызметтер болып отыр.
«Жадыра» шаруа қожалығына «Сүт өнімдерін қайта өңдеу бойынша цех құру» тақырыбында бизнес жоба дайындалды – жобаның жалпы құны 165 000 АҚШ долларын құрайды.
«Агали» шаруа қожалығына «Сүт өнімдерін қайта өңдеу бойынша цех құру» тақырыбында бизнес жоба жазылды – жобаның жалпы құны 163 200 АҚШ долларын құрайды.
Жеке кәсіпкер«ASHURA»аудан орталығында «киім-кешек тігетін тігін цехын ашу» тақырыбында бизнес жоба жазылды – жобаның жалпы құны 3 000 000 теңгені құрайды.
Жоғарыдағы аталған сервистік қызметтер түрі бойынша сұранысы бар кіші және орта бизнеспен айналысып жатқан азаматтар Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Байзақ батыр көшесі, 101«д» үйінде орналасқан Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасының Байзақ ауданындағы филиалына немесе 2-26-60 жұмыс және 8 771 232 88 33 ұялы байланыс телефондарына хабарласуларына болады.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін379
mod_vvisit_counterКеше1762
mod_vvisit_counterОсы аптада7792
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда3699
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2255368

Серіктестер