Онлайн газет



Облыстың 75 жылдығына арналды


Г. Сыздықова,
Ю.Гагарин атындағы  орта мектептің кітапханашысы.

Үстіміздегі жылы Жамбыл облысының құрылғанына 75 жыл толды.  Осы бір айтулы мерекеге орай  Ю.Гагарин атындағы орта мектепте  «Өңірім-мақтанышым» атты әдеби-сазды кеш өткерілді. Мектеп оқушыларына облыстың тыныс-тіршілігін, жеткен жетістігін, табиғатын таныстыруды мақсат еткен шараны мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Сармашева ашып,  елі де, жері де бай  Жамбыл жерінің  бүгінгі тыныс-тіршілігінен қысқаша  мағлұмат берді.  Бұдан соң  облыстың өткен тарихынан   бастап, қазіргі  таңға дейінгі аралықтағы жүріп өткен жолы, осы өңірден шыққан  қоғам қайраткерлері Ш.Мұртаза, А.Әшімов, Т.Жаманқұлов, Ж.Үшкемпіров сынды белгілі тұлғаларымыздың  еңбектері, Тараз қаласының көркін ашатын Айша бибі, Қарахан, Тектұрмас кесенелері  туралы мазмұнды баяндаманы мектеп кітапханашысы А.Аруынова жасады.  7 сынып оқушылары И. Бекмуманбетова, Ж. Джугинисова, Б. Сауытбаева, 8 сынып оқушысы А. Шамшатдинова, 10 сынып оқушылары  К. Назарбаева,  Д. Худаяровалар     туған өлкеміздің  қалың қатпарлы тарихы,  облыс аудандары, олардың ерекшеліктері туралы ойларын ортаға салды.  Ақындар  Қ.Шотбасов пен Қ.Нарбатырдың өлеңдері  оқылды,  8-сынып оқушысы Т.Жұмалиев «Туған жер» әнін  нақышына келтіріп орындады. «Сымбат» тобының  бишілері мың бұрала билеп, кештің ажарын ашты.
Жамбыл облысының 75 жылдығына арналған шара соңында   композитор  Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әні орындалды.
Маңызы зор танымдық шарада білімдерімен дараланған оқушылар  арнайы Грамоталармен марапатталды.


Жас маман табысы

Заманның дамуына байланысты өмірімізге еніп, күн сайын қарқынмен өркендеген технологиялар көшіне ілесуге күш салумен жанталасып жүргенімізде, жаһандану үрдісімен келген түрлі қиыншылықтарды естіп, көріп тіпті бастан кешіп те жатқанымыз шындық.
Санаға түскен салмақтан адамның жан дүниесі жапа  шегеді. Жапа шегеді дегеніміз аздау, расын айтқанда жан дүние-сырқаттанады. Мұндайда ең дұрысы психолог маманның кеңесіне жүгінген өз пайдасын берері сөзсіз. Біздің қоғамда психологтар ең жас буын болып есептеледі. Осыған орай психолог мамандарының кәсіби деңгейін көтеру мақсатында елдік көлемде мейлінше көбірек іс-шаралар жүзеге асырылуда.
Байзақ ауданы әкімдігі білім бөлімінің ұйымдастыруымен қыркүйек айында аудан мектептерінің психолог мамандары арасында үздіктерді анықтауға арналған байқау ел тосқан нәтижені көрсеткен еді. Аталмыш білім бөлімінің әдіскері Р.Сәбитбекова осы іс-шараның жан-жақты өтуінде айтарлықтай тер төгіп, тәжірибесімен тәнті еткенін тілге тиек етіп қойған артық емес. Үлкенмен де, оқушы баламен, жастармен де жұмыс істейтін психолог мамандардың бұл сайысында Бурыл орта мектебінің психологы Р.Қабылбекованың  тәлімгерлік кеңесімен  сын-сайысқа түскен Үлгілі орта мектебінің психолог мұғалімі Жанна Темірқұлқызы шығармашылығы мен  кәсіптік біліктілігін жоғары деңгейде көрсете білгені  үшін «Ең үздік психолог 2014» атты байқаудың бас жүлдесімен марапатталған болатын.
Осынау жеңісіне орай облыстық байқауға жолдама алған Ж.Темірқұлқызы жуырда  Тараз  қаласындағы «Өрлеу» деп аталатын біліктілікті арттыру орталығында өткен облыстық бәсекеге қатысып, сертификат және «Жас психолог» номинациясын олжалап оралды. Бұл да сөз жоқ, аудан ұпайын еселеген қуаныш десек орынды Үлгілі орта мектебінде үш жылдан бері қызмет етіп келе жатқан жас маман, үш баланың анасы Жанна Темірқұлқызы  іркілмей ізденіп келешекте де  жерлестерін өз табыстары мен қуанта береріне сенімдіміз.


«Батагөй қариялар» байқауы өтті

Таяуда Ынтымақ ауылдық округінің әкімшілігі мен Мәдімар ауылдық  клубтың  меңгерушісі  Д. Рахметовтің  ұйымдастыруымен «Батагөй қариялар»  атты өнер сайысы өтті.   Сайысты   ауыл әкімі М. Ноғаев ашып,   қазыналы қариялардың өткен өмірі кейінгі ұрпаққа үлгі екендігін айтып, үміткерлерге  ақ жол тіледі.
Қариялар  алдымен өздерін таныстырды,  мақал -мәтел айтып,  салт-дәстүрлерден құралған сауалдарға жауап берді.  Би билеп, көркемсөз оқып, музыкалық аспаптармен   әуелетіп ән салды. Ерлан Баймамыров жүргізіп отырған шара ажарын  өнерпаз жастар келтірді.
Байқауға  қатысқан қариялар Лескен Көбеев, Бердібек Төлепбергенов, Кеңес Ақпанбетов суырып салма ақындық өнерімен, мақал-мәтелді жетік білетіндігін,  Әскербек Жұмағұлов қария биімен, Асқар Дәлібаев ән салумен дараланды. Әсіресе  Асан Әлмақашұлы  атамыз   “сегіз қырлы, бір сырлы” екендігін танытты. 
Қазылар алқасының шешімімен  бас жүлдені А.Әлмақашұлы, Б.Төлепбергенов-бірінші,  К.Ақпанбетов-екінші,  Л.Көбеев-үшінші орынды иеленеді. А.Дәлібаев, Т.Қосыбаев, Ә.Жұмағұловтар көтерме сыйлықтарға ие болды. Өзге де қатысушыларға әкімшілік атынан  Дипломдар тапсырылды.
Аталмыш шараға «Қанағат» шаруа қожалығының басшысы А. Сыдықов  демеушілік жасап, көпшіліктің алғысын алды.

Өз тілшіміз.

Обновлено 07.11.2014 09:26
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін219
mod_vvisit_counterКеше1762
mod_vvisit_counterОсы аптада7632
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда3539
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2255208

Серіктестер